Қазақстандықтар 2022 жылдың бірінші жартысында ипотеканы блокчейн көмегімен ала алады. Бұл туралы LS-ке сандық даму министрлігінде хабарлады.
Министрлiктiң ақпараты бойынша, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жылжымайтын мүлік тіркелімінің мемлекеттік дерекқорының функционалына банктерді қосу бойынша техникалық жұмыстар жүргізiлуде. Барлық жүйелерді тестілеу басталды.
"2022 жылдың бірінші жартысында Қазақстан азаматтары ипотеканы блокчейн технологиясының көмегімен ресімдей алады", – деп атап өтті министрлікте.
Соның есебінен жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу мерзімі үш күннен бір тәулікке дейін қысқартылады. Құжаттар саны да төрттен біріне дейін азаяды. Бұдан басқа, жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу кезінде шығындар төмендетіледі, процеске қатысатын адамдарға халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігі де жойылады.
Сонымен қатар, ипотеканы ресімдеуге байланысты блокчейн негізінде жаңа функцияларды қосылмақ. Олар жылжымайтын мүлікті сатып алу, кепіл шартын ресімдеу және салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті сатып алу процестерін автоматтандыру мен оңтайландыруды жеделдету қарастырылған.