ҚТЖ тарифтерді өзгертуді жоспарлап отыр

Қазақстанда теміржол тасымалы тарифтерін көтеру ұсынылды. "Қазақстан темір жолы" басшысы Нұрлан Сауранбаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды LS.

"Бізде қаржы ресурстарына қажеттілік үлкен, жылдық жалақы қоры 331 млрд теңгені құрайды. Алайда бiз үкімет көмегіне жүгінгіміз келеді. Тарифте тек 11 млрд теңге ғана тұрады, қалған 220 млрд теңгені біз өзіміздің өндірістік қызметімізден, бірінші кезекте транзит есебінен табуға тырысамыз. Бірақ геосаяси жағдайға байланысты бізде транзитпен қиындықтар туындады, сол себепті бұл кірістер түспеуі мүмкін. Сондықтан біз осы жылдың тарифтеріне бұрын транзит есебінен өтейтін жалақыға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін қосу үшін Үкіметке жүгінетін боламыз", — деп түсіндірді ол.

Компания басшысы Ресей арқылы транзит 43%-ға төмендегенін, тиісінше, бұл компанияның табысына әсер еткенін атап өтті.

"Шамамен 90 млрд теңгені біз мемлекеттен тарифке салуды сұрауды жоспарлап отырмыз", — деп нақтылады ол.

Сауранбаев сондай-ақ, журналистердің жолаушыларды тасымалдау бағасы қымбаттай ма деген сауалдарына жауап берді.

"Билеттер қымбаттамайды. Әңгіме экспорттық жүктер мен ішкі транзит тарифтері туралы болып отыр. Жолаушылар тасымалы – бұл жыл сайын шамамен 30 млрд теңгені субсидиялайтын мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Сонымен қатар, ҚТЖ өз қаражаты есебінен 90 млрд теңгеге субсидия бөледі соның есебінен азаматтарымыз арзан билеттермен жүре алады", — деді ол.

Сондай-ақ, ҚТЖ басшысы биылғы жылы операторға өңірлердегі еңбекақыны теңестіруге тағы 22 млрд теңге жұмсау қажеттігін айтты.

"Біздің қызметкерлеріміздің негізгі шағымдары – 80% – жалақыға қатысты. Бізде еңбекақы төлеу деңгейі өте төмен үш өңір бар (Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстары). Мысалы, Маңғыстау облысында бір өңір аясында жалақы айырмашылығы әлі де сақталған. Мәселен, Шетпе, Бейнеу, Сай-Өтес – бұл бір облыс шеңберіндегі кәсіпорындар және олар шамамен 1,5-1,8 коэффициентімен әртүрлі жалақы алады. Осы жылы біз барлық күш-жігерімізді осы айырмашылықты бүкіл Қазақстан бойынша теңестіруге бағыттаймыз. Оған шамамен 22 млрд теңге қажет", — деп атап өтті Сауранбаев.

Ол сондай-ақ, осы жылы компаниялар жалақыны 25-30%-ға көтергенін еске салды.

"Жалпы, бізде өте үлкен компания бар және еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы біздің экономикалық көрсеткіштерімізге қатты әсер етеді. Биылғы жылдың бір ғана өсімі 70 млрд теңгеге жетті. Өткен жылы 63 млрд теңге көтеруге жұмсалды. Яғни, компания алған барлық пайданы қызметкерлеріміздің жағдайын жақсартуға жұмсаймыз", — деді ол.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
Килмар Абрего Гарсия Сальвадор доступное жилье углехимия работа на каникулах ужесточение контроля частные клиники правила въезда выпедение ребенка День эколога 5 июня плац-концерт первый пожар в доме дорожное движение Аскар Батырбаев День Государственных Символов регистрация препаратов заказ композитный бенчмарк управление пенсионными Психиатрическая больница психическое здоровье СП Инкай символы государственные Established Plant круиз лайнері Маңғыстау избрание Шерзат Полат Арестованный паралимпийцы Лабубу проверка иностранцев получение РВП демографический прогноз доклад ООН Фонтаны Шардара Белый дом Центр Искусств антифрод должник по алиментам Студентка объявление об уходе политическя карьера КУВА жүргізілуде орталық әлеуметтік қызмет арнаулы мүгедектігі бар жандар Kazleasing-2025 вступление принуждение үнемдеу Бородулиха тамақтану

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top