Танымал энергетикалық сусын шығаратын жасырын цехтың қызметі тоқтады.
ҚМА баспасөз қызметіне таратқан ақпарат бойынша, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.
"Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді", — деп хабарлады ҚМА өкілдері.
Дерек бойынша соталды тергеу басталды.
Сурет: видеодан скриншот