Шетелдік компаниялардың басқаруында қазақстандықтардың $3 млрд-тан астам зейнетақы активтері бар, деп хабарлайды LS.
LS редакциясының сауалына жауап ретінде Ұлттық банкте шетелдік компанияларды тарту үш мандат бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.
"2022 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша сегіз шетелдік басқарушы компанияларға кезең-кезеңімен инвестициялық басқаруға $3,02 млрд-қа зейнетақы активтері берілді, осылайша Aviva Investors "Дамушы нарықтардың жаһандық облигациялары" мандаты бойынша $220 млн алды; HSBC – $400 млн, Robeco және BlackRock (USA) – әрқайсысы $200 млн, BlackRock (UK) және UBS "Жаһандық акциялар" мандаты бойынша – әрқайсысы $250 млн; pgim және Principal "Инвестициялық деңгейдегі жаһандық корпоративтік облигациялар" мандаты бойынша – әрқайсысы $750 млн", — деп атап өтті Ұлттық банкте.
2018 жылғы наурыз айы мен 2022 жылдың наурыз аралығында БЖЗҚ-ның сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс сомасы 264,3 млрд теңгені құрады.
Салымшылар қазақстандық компанияларға сеніп тапсырған зейнетақы активтеріне келетін болсақ, 1 мамырдағы жағдай бойынша берілген ақшаның жалпы көлемі шамамен 9 млрд теңгені құрады. Олар Jysan Invest (4,06 млрд теңге), Halyk Global Markets (2,5 млрд теңге), BCC Invest (1,43 млрд теңге) және "Сентрас Секьюритиз" (890 млн теңге) арасында бөлінген.
Сыртқы басқарудан бастап 2022 жылғы наурызға дейінгі активтердің кірістілігі кестеде берілген.
