Түркістан облысына триллиондаған қаржы жұмсалады

Түркістан облысын 2025 жылға дейін дамытуға 3,6 трлн теңге қажет болады, деп хабарлайды LS.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 142 іс-шарадан тұратын Түркістан облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарын таныстырды. Оны іске асыруға 3,6 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 530,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 348,5 млрд теңге, жеке инвестициялардан – 2,7 трлн теңге қажет болады.

"Өнеркәсіп саласында 26 іс-шара жоспарланған, оның ішінде мұнай өңдеу зауытын, химия кешенін және тұрмыстық техниканы өндіру зауытын салу, сондай-ақ "Turkistan" АЭА аумағын 973 гектарға ұлғайту және басқалары көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін 810 млрд теңгеге 93 инвестициялық жобаны іске асыру, сондай-ақ, қаланың айналасында азық-түлік белдеуін құру көзделген. Су тартқышы мен сорғы станциясы реконструкцияланады, ауыл шаруашылығы техникасы мен тракторлар паркі 37%-ға жаңартылады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімі 695 млрд теңгені құрайды, ал еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады", – деді ол.

Бұдан басқа, өңірдің туристік әлеуетін дамыту үшін "Қасқасу" тау шаңғысы курортына инфрақұрылым жүргізу, туристік-рекреациялық орталық, үш қонақ үй, рухани-мәдени орталық және т.б. салу жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға қарай облыстағы туристер саны 2,5 млн адамға дейін артуы тиіс.

"Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін тұрғын үй, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар іске асырылатын болады. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жүзеге асырылып, газбен жабдықтау, электр желілерін жаңғырту және салу жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Нәтижесінде халықтың 100%-ы сумен, 85,4%-ы газбен қамтамасыз етіледі, электр желілерінің тозуы 49,6%-дан 46,4%-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ, 4,9 млн шаршы метр, оның ішінде 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салу және пайдалануға беру жоспарлануда", — деп жалғастырды министр.

Облыстың оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш айналма жолы, Түркістанның шығыс айналма жолы, сондай- ақ, Түркістан – Шымкент – Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады.

Ерғалиевтің айтуынша, кешенді жоспар аясында республикалық және жергілікті маңызы бар 2,3 мың шақырым жолды жөндеу және қайта жаңғыртумен қамту ұсынылады. Бұл 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 99,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек.

Денсаулық сақтау саласында 570 төсектік көп бейінді аурухана, ауысымда 500 адам қабылдайтын үш емхана, жедел медициналық жәрдем станциясы, сондай-ақ, ана мен бала орталығы салынады.

Жоспарға сәйкес, қалада 130 жаңа мектеп салынады, зияткерлік мектеп пен жатақханасы бар "Дарын" интернатының құрылысы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Күлтөбе қалашығының кесенелерін, тарихи нысандарын қалпына келтіру, Түркістандағы "Әзірет Сұлтан" қорық-мұражайының аумағын абаттандыру және т.б. жоспарланған.

"Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 45%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол үшін теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені және басқа да объектілер салынады. Өңірдің қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, ғимараттар кешені мен полиция департаментінің жедел басқару орталығы, өрт сөндіру депосы бой көтермек", – деп нақтылады ол.

Жалпы жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай шамамен 40 мың жаңа жұмыс орнын құруды, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің үш есе және өнеркәсіптің 35%-ға өсуін, еңбек өнімділігінің 52,1%-ға ұлғаюын, халықтың нақты табысының 54,8%-ға өсуін қамтамасыз етеді, деп атап өтті Әсет Ерғалиев. Нәтижесінде, уәде етілгендей, ЖӨӨ-нің нақты өсімі 2025 жылы 6,3%-ды құрайды.

Таныстырылым қорытындысы бойынша үкімет Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
поддержка производителей акциз на сахар Гарвард морг награда МВД продажа одежды крипто тенге съемка мошенническая рассылка Железнодорожные билеты Алия Молдагулова затопление Кульсары партия Amanat пропажа людей пропала пропавшая без вести пропал человек Пропали дети Новая Бухтарма новый тренд финики с маслом выставка-ярмарка сложности есірткі 23 жасөспірім коллективный Назарбаев автократический режим Досым Сатпаев Курманбек Бакиев юмор Sergek самоуправление Дамаск ПАСЕ убийство школьника медработник программа реновации запрещенные депозит Kaspi Pay Kaspi депозит незаконная передача Когда Отключат Отопление нарушение правил ПДД блокировка счетов задолженность по налогам запрет сбора тюльпаны Грейга Ержан Еркинбаев защита труда Олжас Абишев всемирный день Всемирная организация здравоохранения Разметка Министерство туризма и спорта РК победы Харольд Мартин Лопес Тур Греции XDS Astana Team Одиночество указатель

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top