2021 жылғы сәуірде Үлттық банк АҚШ мемлекеттік қағаздарына 485 млрд теңгеден астам зейнетақы активтерін инвестициялады, деп хабарлайды LS.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметтеріне сәйкес, 1 мамырдағы жағдай бойынша активтер 12,6 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ портфеліндегі негізгі үлесті қаржы министрлігінің МБҚ алады, олардың ағымдағы құны 5,3 трлн теңгеге (42,03%) жетті.
"Өткен айда Ұлттық банктің ноталары 3,8 млрд теңгеге өтелді. Сонымен қатар, шет мемлекеттердің МБҚ ағымдағы құны 381,5 млрд теңгеге, 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Сәуір айында табыстылығы жылдық 0,04% болатын 485,04 млрд теңгеге АҚШ-тың қысқа мерзімді МБҚ сатып алынды", – деп атап өтті БЖЗҚ-да.
Бұдан басқа, өтеу мерзімі бір күннен екі айға дейінгі, орташа алынған кірістілігі жылдық 0,12% болатын 404,22 млрд теңгеге шетелдік банктердегі салымдар орналастырылды.
"ҚДБ-ның 41,11 млрд теңгеге еурооблигациялары сатылды. First Heartland Jysan Bank облигацияларын 17,96 млрд теңгеге өтеу жүзеге асырылды", – деп қосты зейнетақы қорында.
Сонымен қатар, инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2021 жылдың басынан бері есептелген кіріс мөлшері 488,52 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 3,8%, инфляция – 2,7%. Соңғы 12 айда зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,76%-ды құрады.
