"Жайлы мектеп" жобасы аясында 369 мектеп бой көтереді

Екі жыл ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында елімізде 369 мектеп салынады.

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрлік ұлттық жобаны жүзеге асыру арқылы мектеп тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін шешуді жоспарлап отыр.

"2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті (2025 жылы – 152) қолданысқа беру көзделген. Мектептер құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте 163 мектеп (44%) ауылдық жерлерде салынады", — деді Бейсембаев үкімет отырысында.

Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу көзделген. Былтыр "Самұрық-Қазына Констракшнге" 500 млрд теңге аударылған. Биыл – 976,3 млрд теңге, 2025 жыл – 909,4 млрд теңге бағытталмақ.

Бейсембаевтың айтуынша, министрлік заманауи, эргономикалық және қауіпсіз білім беру кеңістігін құру үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны әзірлеп, жаңа форматтағы мектептерді салуға қойылатын талаптарды бекітті.

Атап айтқанда:

мектептерді жобалаудың нақты үлгілік тапсырмалары әзірленіп, бекітілді;

эргономиканың талаптарына, сондай-ақ білім беру процесін ұйымдастыру кезінде оқушылар мен мұғалімдердің қажеттіліктеріне жауап беретін технологиялық жабдықтар мен жиһаздардың толық тізбесі бекітілді;

бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін оқу кабинеттері, санитарлық тораптар, спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылды;

қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шаралары арттырылды. Жедел басқару орталығына шығатын цифрлық бейнебақылау, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлау, есіктер мен блоктарды автоматты түрде бұғаттау, лицензияланған күзетпен қамтамасыз ету, күзет қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру қарастырылды;

мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талабы енгізілді;

оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар, қосымша гардероб қарастырылды.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
паралимпийцы Лабубу проверка иностранцев получение РВП демографический прогноз доклад ООН Фонтаны Шардара Белый дом Центр Искусств антифрод должник по алиментам Студентка объявление об уходе политическя карьера КУВА жүргізілуде орталық әлеуметтік қызмет арнаулы мүгедектігі бар жандар Kazleasing-2025 вступление принуждение үнемдеу Бородулиха тамақтану ITTF Минтуризма и спорта Минтранспорта РК автортрасса дефекты оплату за проезд Донской Гок химзавод Енбек Балқадиша дзюдоист фан-встреча Баян Алагөзова Перекрытие Дороги реакторы Саламатты Қазақстан ограничение передвижения Остановки Жасыл ел аптеки гольф-клуб КазМунайГаз-Сервис NS Қызыл дамбал мелодрама прохожая чат День защиты детей День биологического разнообразия 22 мая экстремистские материалы иностранный гражданин Лишение автоматизированные процесс

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top