“Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді.” - Ермек Тұрсынов

Атышулы "Келін" фильмінің режиссёрі Ермек Тұрсынов қазіргі отандық фильмдерді қатаң сынға алды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа портады Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Кино саласында тұтас деградация болып жатыр. Мен оны тіпті диверсия деп атаймын. Көз алдымызда болып жатқан нәрсе. Әнеубір мотоциклге мінген әйелді айтам, иә, «Таптым-ау, сені». Жалқауланбай барып қайттым. Бұл катастрофа! Ал залдар лық толы. Көз алдыңа елестете аласың ба? Ұлтымыздың уланғаны соншалықты, олардың бәрі ананы – бұл жерде боқтауға болмайды ә, соны көріп отыр. Көре отырып бәрі бақытты. Орнымнан тұрып, «халайық, сендерді алдап соғып жатыр, мына киноның бәрі өтірік, немеге көріп отырсыздар?» дегім келеді. Қазіргі киносымақтар... Қайдағы бір актёрлар мен режиссёрлер қаптап кетті. Экран быт-шыт – катастрофа. Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді. Соның бәрі тапа-тал түсте болып жатыр. Цензура енгізу керек, – дейді Ермек Тұрсынов “Мүмкін емес” Youtube арнасына берген сұхбатында.

Режиссёр сонымен қатар, сахнада стендаперлер аузына келгенін айтатынын еске салады.

– Өзінің «жігіттігін» боқтықпен жабатындарды қойшы, қазір солай қыздар да сахнада аузына келгенін көкиді. Мен оны қабылдай алмаймын. Сендерге не болған? Телевидениеде, әлеуметтік желіде не болып жатыр? Белгілі бір уақыттан кейін қылмыскерлер қоғамын қалыптастырамыз бұл түрімізбен, – дейді ол.

Ермек Тұрсынов Қазақстан бұрын үлкен түрме болғанын айтып, сол шаққа қайтып бара жатқан сияқтымыз деп қауіптенеді.

– Түрмелер бізде көбейеді әлі. Өйткені сол фильмдерге баратын аудитория – келешектегі қылмыскерлер. Өйткені олардың санасында ештеңе жоқ. Ол жақта нендей құндылықтар насихатталып жатыр? «Ұрлық жаса да, мал тап» дегендей әңгіме. Бұл жаппай деградация, – дейді ол.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top