Семейліктердің аулаларына жасалған жөндеуге көңілдері толмайды

Қоғамдық кеңестің мүшелері де атқарылған жұмыстан бір-шама бұзушылықтарды анықтады.

Өңіріміз облыс мәртебесін алғаннан бері қалада көптеген оң өзгерістер орын алуда. Қала көркейіп, жаңа нысандар бөй көтеріп, қоғамдық орындар жөнделіп, ал кейбіреулері жаңадан салынып жатыр. Дегенмен, қоғамдық кеңес мүшелері аулаларды жөндеу жұмыстарына толыққанды көңілдері толмайтынын, ал қала тұрғындары наразылық білдіріп жатқанын айтты.

"Меніңше, аулаларды салу жобасы о бастан дұрыс жасалмаған. Себебі, әр бір аулаға бөлек жоба болған жоқ. Мердігер ұйымның өкілдері келіп, ауланы өздері қалағандай салатын. Тіпті сол ауланың аумағы нақтыланбаған. Соның себебінен аулалардың тендерлік бағасы да әр-түрлі болған. Мысалы, бір тендерде 12 аулаға 477 млн теңге бөлінген. Сонда, әр бір ауланы шамамен 40 млн теңгеге салу керек болатын. Бұл қарапайым математика. Бірақ мен 40 млн теңгеге тұрмақ, аталған 24 млн-ға жасалған ауланы көріп тұрғаным жоқ", дейді қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Илья Бороховский.

Қоғам белсендісінің айтуы бойынша бұл аулалардың көбісі аталған жобаға сәйкес келмейді. Жобада әткеншектерде арқаға сүйеніш, орындықтарда шатыры, жаттығу жасайтын құрылғылар болуы керек. Іс жүзінде мүлдем сәйкес келмейді.

"Ауланы жасағандай болды, бірақ түк жоқ. Отыратын орындық жоқ, қоқыс тастайтын шәжік жоқ. Біз де біраз отырып демалғымыз келеді. Зейнеткерміз. Ал мысалы әткеншек сынып қалды. Оны ешкім жөндеген жоқ. Енді балалар ғой, отырады, ойнайды. Менің ойымша, осы дұрыс істелінбеген жұмысқа қандай да бір шара қолдану керек", дейді қала тұрғыны Жібек Мұстафинова.

Қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Ерназ Мұқатаевтың айтуы бойынша шара қабылдануда.

"Мысалы, "Алтын жаңбыр" мердігер ұйымы 50 млн теңгеге жуық шығын келтірді. Бүгінгі күні тергеу жүргізіліп, кейіннен мердігер ұйымды жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданады".

Сонымен қатар, Ерназ Мұқатаевтың айтуы бойынша басқа да мердігер ұйымдар жүргізген жұмыстарға жауапты бөлімнің көңілі толған жоқ. Мысалы, қаладағы 35 ауланы жөндеген "Жан-Ерке" мердігерлік ұйымға ескертулер жасалды.

"Аталған ескертулерді жөндегеннен кейін ғана төлем жүргізіледі. Бүгінде мердігер ұйымдарға тек қана жасалған нақты жұмыс үшін ғана төленді. Біз бұл мәселені қадағалаудамыз", деп қосты ТКШ бөлімінің басшысы.

Айта кетейік, биыл 70 ауланы жөндеуге 2.2 млрд теңге бөлінген.

Бақытгүл ҚАЗЕЗ

Сурет автордікі

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
поддержка производителей акциз на сахар Гарвард морг награда МВД продажа одежды крипто тенге съемка мошенническая рассылка Железнодорожные билеты Алия Молдагулова затопление Кульсары партия Amanat пропажа людей пропала пропавшая без вести пропал человек Пропали дети Новая Бухтарма новый тренд финики с маслом выставка-ярмарка сложности есірткі 23 жасөспірім коллективный Назарбаев автократический режим Досым Сатпаев Курманбек Бакиев юмор Sergek самоуправление Дамаск ПАСЕ убийство школьника медработник программа реновации запрещенные депозит Kaspi Pay Kaspi депозит незаконная передача Когда Отключат Отопление нарушение правил ПДД блокировка счетов задолженность по налогам запрет сбора тюльпаны Грейга Ержан Еркинбаев защита труда Олжас Абишев всемирный день Всемирная организация здравоохранения Разметка Министерство туризма и спорта РК победы Харольд Мартин Лопес Тур Греции XDS Astana Team Одиночество указатель

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top