Қазақстандықтарға кепiлдегi жылжымайтын мүлік салықтарын кейінге қалдыруға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда салықтарды төлеу бойынша бір жылға кейінге қалдыруға рұқсат беру жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Мәжілісмен Сергей Симонов әріптестеріне Салық кодексіндегi түзетулерді таныстырды.

Осылайша, шетелдік валютаны теңгеге айырбастауды жүзеге асырған бизнес субъектілері тауарларды экспорттау кезінде 80%-ға дейінгі мөлшерде ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібі бойынша нормалар ұсынылады. Бұл ретте ең төменгі жалақының орнына АЕК (2917 теңге – 1 АЕК) негізінде есеп айырысу жоспарлануда.

Екіншіден, депутаттың айтуынша, алдағы төлемдер мен салық берешегі туралы азаматтарға, оның ішінде банктердің мобильді қосымшалары мен "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы хабарлау ұсынылады. Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап жүк көтерімділігіне байланысты жүк автомобильдері үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша "В" санатындағы жеке көлік құралдарына салықты есептеу құқығы берiлмек.

"Салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзартуды бір жылдан астам уақытқа тек жылжымайтын мүлік кепілімен немесе банк кепілдігімен беру ұсынылады. Жеке тұлғаның тұрғын үйді кепіл ретінде қабылдауына шектеу енгізу қажет", — деп атап өтті Симонов.

Бұдан басқа, несиелік серіктестіктерге резервтер құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқық беру; тарату салық тексеруінсіз камералдық бақылау арқылы ҚҚС төлеушілердің қызметін тоқтатуды жеңілдету; алкоголь өнімі бойынша акцизді төлеудің екінші тәсілін – жөнелту күні беру ұсынылып отыр.

"Үшінші. ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімнің нормаларын заңнамаға имплементациялау ұсынылады. Сондай-ақ, мобильдік төлемдерді реттеп, банктердің мемлекеттік кірістер органдарына шетелдік интернет-компаниялардың пайдасына жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер мен аударымдардың сомалары туралы ақпарат беру жөніндегі міндетін көздеу. Бұл норма шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС-ты, "Google"-ге салықты уақтылы төлеуі үшін қажет", — деп нақтылады ол.

Сондай-ақ, депутат кәсіпкердің QR-кодындағы ақпараттық картасы болып табылатын салық төлеушінің паспортын енгізуді ұсынады. Оның айтуынша, бұл жаңалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қоғам тарапынан бақылауды күшейту үшін керек. 2023 жылдан бастап арнайы салық режимдерін және бірыңғай жиынтық төлемді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін қайта қарау жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, заң жобасында Салық кодексінен қайтару кезінде қолданылатын ҚҚС бақылау шоты бойынша нормаларды алып тастау ұсынылады.

"Шетелдік тасымалдаушылар үшін көліктерінің ҚР аумағы бойынша жүргені үшін алым мөлшерлемесін 20 АЕК-тен (58,3 мың теңге) 30 АЕК-ке дейін (87,5 мың теңге) арттыру жоспарлануда. Заңға тәуелді актілер деңгейінде тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдерін анықтау, темекі өнімдері бөлігінде "акциздік маркалар" терминін "сәйкестендіру құралдары" терминіне ауыстыру", — деп атап өтті Симонов.

Ол сондай-ақ, жаңа түзетулерде "мобильді төлемдер" ұғымын нақтылау жоспарланғанын айтты. Бүгінгі таңда Салық кодексінде төлемнің тек екі түрі қарастырылған – бұл қолма-қол ақшамен және фискалдық чекті міндетті түрде қағып, терминал арқылы карточкалық аудару жолымен, деп қосты депутат.

"Бұдан басқа, кәсіпкерлік субъектісі мен жеке тұлғалар арасында жүргізілген операциялар бойынша ақпарат алмасу мүмкіндіктері қосымша кеңейтілуде. Мұнда банктер бизнес пайдаланатын қаржы өнімдерін қосымша жақсартуы тиіс. Яғни, бизнес жүргізуге арналған шоттарды бөліп, мобильді аударымдармен төлеген кезде чекті фискализациялау рәсімін жеңілдету керек және тұтастай алғанда мобильді қосымшаларды жақсарту керек", – деп түсіндірді Симонов.

Оның айтуынша, бұл кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдетуге және сәйкесінше, салық төлеу кезінде тоқсан сайынғы, жартыжылдық есептілікті ұсынуға мүмкіндік береді. Ал тұтынушылар үшін бұл құқықтарды қосымша қорғау болады.

Айта кетейік, мәжіліс "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы "Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда шағын коммерциялық көлікке салынатын салық қайта қаралады. Осы күнi 1 млн-нан астам қазақстандықтың мүлік салығы бойынша берешегі бар екені белгілі.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
Саламатты Қазақстан ограничение передвижения Остановки Жасыл ел аптеки гольф-клуб КазМунайГаз-Сервис NS Қызыл дамбал мелодрама прохожая чат День защиты детей День биологического разнообразия 22 мая экстремистские материалы иностранный гражданин Лишение автоматизированные процесс единый налоговы счет объем работ посевная работа архитекторы таланты авокадо городские районы исполнение республиканского бюджета посадка цветов бар хадж-виза скандал в ДУМК бешбармак Зарина Дияс Диего Улисси Джиро-2025 долгосрочный кредит рейтинг США Год стратегий перепланировка квартиры КС шоколад новостройка Qazcontent Румянцева кондиционер Кирил Бачваров зеленые кредиты Tengri Ultra Независимость Казахстана поручение акиматам предотвращение нарушений насилие над детьми осложнения Угроза здоровью яд активность звезды суд ЕС обвинение штангист Сара Назарбаева переработка нефти

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top