Қазақстандықтар артық өндірілген электр энергиясын сата алады

Мәжіліс жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Заң жобасы Парламент депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауында айтылған энергия тиімділігін арттыру және «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі.

“Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объект” ұғымы алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл – қуаттылығы 200 МВт-тан аспайтын жел, күн және басқа да баламалы электр станциялары. Төмен қуатты жаңартылатын энергияның мұндай көздерін шағын және орта бизнестің, шаруа және фермер қожалықтарының, сондай-ақ жеке және көппәтерлі үйлердің қажеттіліктері үшін пайдалануға болады, — деді ол.

Мұндай қондырғылардың иелері артық өндірілген электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы ұйымға сата алады. Ол үшін жаңартылатын энергия көздері нысанының иесі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттелмейді. Электр энергиясының шекті бағасын Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілейді (тұтынушылар топтары бойынша саралаусыз).

Уәкілетті органдар кедергілерді жоя отырып, жаңартылатын энергия көздерінің шағын көлемдегі объектілерін жалпы электр желісіне қосу ережелерін бекітеді. Сондай-ақ нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату бойынша үлгілік шарттар әзірленіп, бекітіледі.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top