Бүгін - қаситетті Рамазан айы басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді берекелі Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Рамазанның қадірін жақсы түсінген сахабалар оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға еткен.

Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті ауыз бекіткен адамға берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де беймәлім. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» – деп, оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.

Демек шарапаты мен шапағаты мол айда сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығын алуға асыққан абзал. Пенденің осы айда ұстаған оразасы, Аллаға ұнамды барлық құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, сауапты амалдары еселеніп жазылады.

Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар өзіне дөрекілік көрсеткен кейбір кісілерге: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөзбен көркем мінездің керемет үлгісін көрсетеді. Нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат.

Денсаулығына байланысты немесе кәрілік жетіп ораза ұстауға шамасы жетпеген адамдар ауыз бекіткен кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген.

Мен осы ретте барша отандастарымды қасиетті айда жүзеге асатын қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. Сонымен қатар барша халықтың ортақ игілігі үшін салынып жатқан жол, көпір, мектеп, мешіт, медресе, балабақша, спорт кешені сынды маңызды ғимараттарға аз да болса үлес қосып, белсенділік танытуға шақырамын.

Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Әмин!

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
операция Қару события Қаңтар Джин Хэкмен Анашым Yeski Taspa массажный салон Бесплатный Проезд Кенкияк Актобе Лейла Ратиашвили этнология Санжар Асфендиаров поджег CyberPol кооперативное жилье иностранные инвестиции ампутация Көктем-2025 сирены АПК Казахстана мородерство статуя Паддингтона контейнерный поезд экономические отношения инфографика водное поло ватерполисты Центр судебных экспертиз кинопремия ЧРК Американская киноакадемия Справедливый Казахстан общенациональная идея Рухани жаңғыру дропперы Bazis-A Ассамблея народа Казахстана 1 Марта Цифровая монета Национальный Банк РК Вахта рабочие профессии изменения в законодательстве Екатерина Смолякова мандат судмедэкспертиза исследование трупов виртуальная аутопсия звонки повышение квалификации NU Nazarbayev University государственный контроль услуги такси экология Алматы гибель людей издевательство задержание ОПГ увольнение сотрудника импортная продукция Скамейка СЗЗ

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top