Qarmet-те 8 сағаттық ауысым: Кеншілер ұзағырақ жұмыс істей ме

Qarmet компаниясының басшылығы қызметкерлер арасында сауалнама өткізіп жатыр. Сауалнаманың негізгі мақсаты – жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы қызметкерлердің пікірін ескеру. Бұл тұрғыда жұмыс ауысымының ұзақтығы қандай жағдайда өзгеретінін агенттік тілшісі нақтылап білді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда әлеуметтік желілерде кеншілердің 8 сағаттық жұмыс ауысымына көшуі мүмкін деген жаңалық шықты. Бұл өзгеріске көптеген қарағандылық наразы болды. Жұмыс жағдайы қиын болғандықтан, көпшілік бұл жаңашылдықпен келіспейді.

Дегенмен, Qarmet басшылығы өзгертулер көпшілік дауыс берген жағдайда ғана болады деп мәлімдеді, яғни мәжбүрлеуге жол берілмейді.

«Qarmet компаниясы қазіргі кезде қызметтің барлық салаларында перспективті басқару үлгілерін әзірлеумен әрі енгізумен айналысып жатыр.Тиісті жобаларды талдау үшін қызметкерлердің пікірлерін ескере отырып, жан-жақты талқылау жасалады. Айта кетейік, компанияның саясатына сәйкес, жұмыс кестесіне кез келген өзгеріс еңбек заңнамасы және Ұжымдық шарт аясында жұмысшылар өкілдерімен (кәсіподақ ұйымдарымен) белгіленген өзара іс-қимыл тәртібімен қабылдануы мүмкін», — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Кеншілердің 8 сағат жұмыс істеуі заңды ма? Бұл сұрақты Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының мамандарына қойған едік. Олардың айтуынша, жұмыс ауысымында жаңа тәртіпті енгізу немесе енгізбеуді жұмыс беруші шешеді. Өйткені, «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің» 63-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, еңбек тәртібінің ережесін жұмыс беруші бекітеді.

«Еңбек ету ережесінде қызметкерлердің жұмыс әрі тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары және еңбек қатынастарын реттеудің басқа да мәселелері белгіленеді», — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 72-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлуге мына жағдайда рұқсат етіледі:

1) жұмыс қарқындылығы әртүрлі болатын жұмыстарда;

2) егер бұл жұмыскердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерімен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол беріледі.

Атап айтқанда, заңға сәйкес күнделікті жұмысты бөлу кезінде, яғни жұмыс ауысымын бөліктерге теңгерімдеу барысында жалпы жұмыс уақыты күнделікті жұмыстың белгіленген ұзақтығынан аспауы керек. Сондай-ақ ауыр еңбек жағдайында жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауы керек.

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабына қарағанда, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді», — деп нақтылады облыстық басқарма.

Жұмыс ауысымының ұлғаюы тұрғысында компания басшылығы кеншілердің жалақысы көтерілетінін ескеріп отыр. Дегенмен, нақты шешімді сауалнамаға қатысатын кеншілердің өздері айқындайды.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
Охранники нацсборная Килмар Абрего Гарсия Сальвадор доступное жилье углехимия работа на каникулах ужесточение контроля частные клиники правила въезда выпедение ребенка День эколога 5 июня плац-концерт первый пожар в доме дорожное движение Аскар Батырбаев День Государственных Символов регистрация препаратов заказ композитный бенчмарк управление пенсионными Психиатрическая больница психическое здоровье СП Инкай символы государственные Established Plant круиз лайнері Маңғыстау избрание Шерзат Полат Арестованный паралимпийцы Лабубу проверка иностранцев получение РВП демографический прогноз доклад ООН Фонтаны Шардара Белый дом Центр Искусств антифрод должник по алиментам Студентка объявление об уходе политическя карьера КУВА жүргізілуде орталық әлеуметтік қызмет арнаулы мүгедектігі бар жандар Kazleasing-2025 вступление принуждение үнемдеу

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top