Қаржы министрі шенеуніктердің кірістері туралы декларациялар жария болуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz
"Декларациялар ашық түрде жария болады. Заң бойынша 2025 жылдан бастап барлығы декларация тапсыруы керек. Мен декларациямды жария ете аламын, бірақ ол жерден бірдеңе түсіну қиын болады. Себебі бізде тіркелген мүлік мемлекеттік лауазыммен теңестірілгендіктен көрсетудің қажеті жоқ", — деді Қаржы министр Мәди Такиев.