Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібі белгілі болды. |
Бұл туралы Сенат кулуарында депутат Ақмарал Әлназарова айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алдағы бірлескен отырыста депутаттар бітімгершілік күштерді жіберу мәселесін талқылайды.
"Қазақстанның бітімгершілік күштерін жіберу мәселесі көтеріледі. Жалпы, бұл шешімді Мемлекет басшысының ұсынысымен Парламент қабылдайды. Сондықтан, бұл үйлестіру Конституцияның 53-бабы аясында жоспарланып отыр", — деді сенатор.
Біздің бітімгерлер қай елге жіберілуі мүмкін екені әзірге белгісіз.
"Негізі бұл бар тәжірибе. Қазақстан бітімгершілік күштерін жіберген, сондықтан бұл жұмыс жоспар бойынша (жүріп жатыр — еск.). Қазір БҰҰ белгіледі, ертең кездесуде сіздермен бірге естиміз", — деп қосты Әлназарова.