“Келін немереңнің тырнағына да зар қылып қоймауына кім кепіл”: Айнұр Тұрсынбаева енелерін жамандайтын келіндерді сынап тастады


Белгілі айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева енелерін жамандайтын келіндерге ақыл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол жеке парақшасындағы тікелей эфирде оқырмандарымен ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы әңгіме өрбітті. Қыз-келіншектердің басым көпшілігі енелерін жамандап кеткеніне шыдамаған айтыскер ақын терме орындап берді.

“Қарамай кетсең анаға,

Қаларсың босқа табаға.

Әкенің көңілін қалдырған,

Баланың жолы бола ма?!

Ененің сағын сындырған,

Келіннің бағы жана ма?!

Келінді кейін сорлатар

Ішінен шыққан бала да”, – термеден үзінді орындады.

Айтыскер ақынның айтуынша, қазақтың халық ауыз әдебиетінің кез келгенінен психологиялық кеңес табуға болады.

“Бұл терме де инсайтқа толып тұр. Ене де – ана. Біз бүгінгі өмірді ғана айтамыз. Болашағымыз қандай тосынсый дайындап тұрғанын білмейміз. Дәл қазір көп келіншек енелерін жамандап отыр. Ертең өздері қандай ене болады, қандай келін алады, сол туралы ойламайды. Жастық шағың көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Келін немереңнің тырнағына да зар қылып қоймауына кім кепіл?!. Сол кезде тырнақ тістеп, опық жеп қалмаңдар! Ол уақытта ештеңені өзгерте алмайсың. Сыйлайын десең ене өліп қалған, бала қатынымен кетіп қалған, екі ортада тентіреп өзің қаласың. Сондықтан, үлкенді сыйлау – психологияның атасы”, – деп сөзін аяқтады.

Эфир көріп отырғандардың пікірі екіге жарылды. Бірі “өмір – бумеранг” екенін еске салды десе, екіншісі “енемнен көңілім қалған, мына термеңіз онша әсер етпейді” деп шындығын айтып жатыр. Бірі айтыскер ақынның өзіне бас салды. “Өзің қанша ене тастадың”, “Күйеуіңнің санынан жаңылдық” деп сынап жатқандар да жоқ емес.

Айта кетейік, айтыскер ақын былтыр келін түсіріп, биыл әже атанғанын сүйіншілеген болатынбыз.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top