Алматыда Vl "Мейірімділік керуені" республикалық байқауы басталды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында конкурсты ұйымдастырушылар — Алматы қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері хабарлады. Қайырымдылық бастамалар байқауына өтінімдер 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ел дамуына үлкен үлес қосып жатқан жүздеген батыл, өзекті мәселелерге бей-жай қарамайтын адамдарды, меценаттарды анықтайды. Өткен жылы барлығы 969 өтінім жиналды, ал Алматы қаласынан — 41 үміткер, олардың арасында лауреаттар бар.

"Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған "Мейірімділік керуені" республикалық байқауының басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Байқау игі істер жасайтын адамдарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, кеңпейілділік пен гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған", — деді Алматы қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Фарида Жылқыбаева.

Мәселен, өткен жылы "Мейірім жолында" номинациясы бойынша 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және онкологиялық аурулары бар балаларға, жетім балаларға, бала кезінен мүгедектерге, кедейлерге, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға тұрақты өтеусіз негізде көмек көрсетіп келе жатқан "Әділ" қайырымдылық қоры жеңімпаз атанды.

"Туған жер" номинациясында құзыреттілікті дамыту орталығын құрғаны үшін ITeachMe қоғамдық қоры үшінші орынға ие болды. "Батыл жүрек" номинациясында әйелді өрттен құтқарған Бауыржан Әуелбеков 3 орын алды.

Қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар кезінде ерекше ерлік көрсеткен №7 ҚКА хирург-дәрігері Ғазиз Құнанбайұлы Төлепбергенов "Батыс жүрек" номинациясының құрметті дипломымен марапатталды.

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, "КТК"телеарнасының қолдауымен Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы жүзеге асырады.

Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуде өз үлестерін қосып және өз іс-әрекеттерімен басқаларды ынталандырып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Ұйымдастырушылар түсіндіргендей, конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты тұлғалар қатыса алмайды.

Конкурс лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:

- "Асар" — қайырымдылық қызметі халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға бағытталған номинация;

- "Туған жер" — туған өлкеге білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және көмеккөрсету, т. б. салаларда қайырымдылық көрсететін лауреатқа тапсырылады ;

- "Батыл жүрек" — батырлық пен жанқиярлық үшін. Бұл номинация шұғыл қызмет қызметкерлері (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және басқалар)арасынан суырылып шыққан жеңімпазға берілуі мүмкін.

- "Мейірім жолында" — белгілі бір уақыт аралығында қайтарымсыз қызмет көрсететіндер үшін беріледі;

- "Қайырымдылық тарихы" — номинация журналистке және / немесе

шығармашылық ұжымға БАҚ-та қайырымдылықты, әлеуметтік проблемаларды көрсетуде үздік деп танылғаны үшін беріледі.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
реакторы Саламатты Қазақстан ограничение передвижения Остановки Жасыл ел аптеки гольф-клуб КазМунайГаз-Сервис NS Қызыл дамбал мелодрама прохожая чат День защиты детей День биологического разнообразия 22 мая экстремистские материалы иностранный гражданин Лишение автоматизированные процесс единый налоговы счет объем работ посевная работа архитекторы таланты авокадо городские районы исполнение республиканского бюджета посадка цветов бар хадж-виза скандал в ДУМК бешбармак Зарина Дияс Диего Улисси Джиро-2025 долгосрочный кредит рейтинг США Год стратегий перепланировка квартиры КС шоколад новостройка Qazcontent Румянцева кондиционер Кирил Бачваров зеленые кредиты Tengri Ultra Независимость Казахстана поручение акиматам предотвращение нарушений насилие над детьми осложнения Угроза здоровью яд активность звезды суд ЕС обвинение штангист Сара Назарбаева

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top