Қостанайда ерекше сот процесі өтті. |
Есірткі таратқан 2 студенттің сот процесі прокуратураның өтініші бойынша А.Байтұрсынов атындағы оқу ордасында, 300 студеттің алдында өткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
19 жастағы коллелж студенттері қаңтар айында ұсталған. Полицейлер олардан ақ түсті ұнтақ салынған 50 түйіншек және 192 грамм мефедрон тәркілеген. Сот үкімімен 2 студент 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Желі қолданушылары сот процесінің студенттердің көз алдында өтуі дұрыс шешім болғанын жазуда.
"Мынау бір дұрыс прокурор болды ғой", "Адам зорлағандарды осылай көпшіліктің алдына шығару керек", "Өте дұрыс", "Дұрыс халықты, жастарды улап жатқандарды осылай соттау керек", деп жазды олар.