Ажырасқан әйел


Мемлекеттің еркін әйелдің алдындағы қорқынышы


Журналист Меруерт Әйтенова «Еуразия» телеарнасындағы ток-шоу эфирінде күйеуінен ажырасқан әйелдерді айыптап, жерден алып, жерге салды. Бұл ток-шоудың үзіндісін өткен аптада гендерлік зорлыққа ұшыраған қазақ әйелдерінің құқығын әріптестерімен бірге қорғап жүрген #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жариялады. Журналист Айсұлу Тойшыбек өз бағанында мемлекет еркін әйелден не үшін қорқады деген тақырыпта ой толғайды.

Бала кезімде де, жасөспірім шағымда да ажырасу туралы ойдың өзінен қорқатынмын. Тұрақты қарым-қатынас пен неке ең соңғы аялдама болып елестейтін. Ал ажырасу қателескеніңді ел алдында мойындау сияқты көрінетін. Кішкентай кезімнен құлағыма құйды деп айта алмаймын, бірақ өз-өзінен осындай ой қалыптасты. Өйткені ажырасқан әйел сүйекке түскен таңба сияқты қабылданатын. Ер адамдар емес, әйелдер жайында сөз болса, оларды «б/у», «тіркемесі бар» (әрине, бұндайды ер адамдар айтады) деп атап, еркі, сезімі мен тағдыры бар адамды емес, тура бір тоқсаныншы жылдары шетелден әкелінген тот басқан көлікті талқылағандай сөз қылатын.

Қуанышыма орай, есейе келе бұл ойым сейіле бастады. Оған қоса, айналамда күйеуімен ажырасқан немесе ұзақ уақыт жүрген серігімен жолы екіге айырылған әйелдер көп болды. Көбінесе олар өз күнін өзі көретін, балаларын да өзі бағып-қағатын. Олар туыстарым, мектепте бірге оқыған құрбыларымның анасы, анамның құрбылары, көршілерім арасында болды. Әйтсе де, «балалар үшін бәріне төзетін» әйелдерді де көрдім. Кімнің бақытты, кімнің бақытсыз екенін, некені сақтап қалған әйел мен ажырасқан әйелдің қайсы озғанын сол әйелдер ғана айта алады. Дегенмен, тиран, маскүнем және ұрып-соғатын адаммен бірге тұрмаймын деп шешкен әйелдің әлдеқайда жақсы өмір сүргеніне және дені сау екеніне сенімдімін.

Ажырасуға бел буған әйелдерді ең батыл әйел санаймын. Әсіресе, Қазақстанда. Не сыйластық, не махаббат, не түсіну мен қолдау жоқ қарым-қатынасты үзу ең дұрыс әрі қажет қадамдай көрінеді. Ақылға қонымдысы да осы. Әйтсе де, мұндай қадамға баруы үшін Қазақстан әйелдеріне жақындарының мықты қолдауы немесе тым болмаса олардың тарапынан кедергі болмауы маңызды. Өйткені қаржылық жағдайы шайқалып, өмірін қалпына келтіруден бөлек, әйелдер айыптауға, ұят деп көзге шұқуға немесе Әйтенова айтқандай, жек көру мен өшпенділікке ұшырайды.

Мемлекеттің өзі ажырасуға тосқауыл болатын елде қоғамның талқысы туралы не айтуға болады? Судьялар татуласу мерзімін қалыпты уақыттан созып, дұрыстап ойлануды және отбасы психологына баруды ұсынып, ерлі-зайыптыларды райынан қайтаруға тырысады. Мұны ажырасу процесінен өткен көптеген әйел растай алады деп ойлаймын. «Үлгілі» отбасының бейнесі үшін мемлекет пен Әйтенова секілділер жүздеген әйелдің өмірін құртуға дайын. Олар үшін әйел деген кім? Белгілі бір міндеттерді атқарушы объект қана.

Меруерт Әйтенова секс туралы тура айтпайды (әрине, ол СЕКС деген сөзді ашық айта алмайды). Әйтсе де, оның әңгімесіндегі басты нәрсе осы екенін және бұл некені сақтап қалудың ең маңызды тірегі екенін түсінуге болады. Әйелдің күйеуінен кейін жыныстық серіктесі болуына, ұятты желеу еткендердің ойынша, жол беруге болмайды!

«Тәтті төсектің дәмін сездірген еркек…» – дегенді, төсекте үшінші адам болмаса, Әйтенованың айтатын жөні жоқ деп ойлаймын.

Әйтенова да, бүкіл мемлекеттік аппарат та, түптеп келгенде, адамдардың ажырасуынан қорықпайды. Олар өзін жақсы көретін, өзінің бағасын, оргазмның не екенін білетін және өз қалауын білетіндіктен, өзгерістен қорықпайтын қазақ(стандық) әйелдерден қорқады; еркексіз-ақ күнін көре алатын немесе басқа еркек/әйел тауып ала алатын (бәлкім, бірнешеу) әйелдерден қорқады. Бар қолдауынан айырылған анасының не істейін деп жатқанынан бейхабар балаларын және өзін құрбан етудің орнына, өзін және өз бақытын таңдайтын әйелдерден қорқады. Өйткені нағыз өзгерістер осындай еркін әрі азат әйелдерден басталады. Қазақстан әйелдері жаңа заманды күн сайын жақындатып келеді. Өтініш, бізге кедергі келтірмеңіздер.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
паралимпийцы Лабубу проверка иностранцев получение РВП демографический прогноз доклад ООН Фонтаны Шардара Белый дом Центр Искусств антифрод должник по алиментам Студентка объявление об уходе политическя карьера КУВА жүргізілуде орталық әлеуметтік қызмет арнаулы мүгедектігі бар жандар Kazleasing-2025 вступление принуждение үнемдеу Бородулиха тамақтану ITTF Минтуризма и спорта Минтранспорта РК автортрасса дефекты оплату за проезд Донской Гок химзавод Енбек Балқадиша дзюдоист фан-встреча Баян Алагөзова Перекрытие Дороги реакторы Саламатты Қазақстан ограничение передвижения Остановки Жасыл ел аптеки гольф-клуб КазМунайГаз-Сервис NS Қызыл дамбал мелодрама прохожая чат День защиты детей День биологического разнообразия 22 мая экстремистские материалы иностранный гражданин Лишение автоматизированные процесс

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top