Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова өзін қамауға алынған оқиғаға қатысты желіде жазба жариялады. |
Онда ол құқық қорғау қызметкерлері өзін тыр жалаңаш етіп шешіндіріп, видеоға түсіргенін мәлім еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист аталған жазбасында не себепті қамауға алынғанын да түсіндірген.
«Бар жазығым адам өлтірген кісі жазадан құтылып кетпесін, деп айғай-шу көтергенім! Сол қағазда оның ИИН-ы кетіп қалыпты. Біреу сақтап қойған және 1,5 жылдан кейін арыз жазған! Заказ!!!
Періште емеспін, бірақ залым да емеспін! Бірақ қазір бүкіл Қазақстанның алдында мені солай етіп көрсеткісі келіп отыр. Маған қолдау көрсетіп, оқырмандарыңызға мен туралы шын ақпарат таратып жіберіңіздерші.
11 тамызда полицияда тырдай шешіндіріп, видеоға түсірді ғой. Бір топ адамның алдында шешінген бір түрлі екен», — деп жазды ол.