Қазақстанда жаңа заң жобасының көмегімен отын нарығындағы делдалдардан құтылу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.
Энергетика министрлігінде LS-ке хабарлағандай, жанар-жағармай (ЖЖМ) өндіру және тарату жүйесі реформаланатын болады.
Бұл ретте "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңға өзгерістер енгізілетін болады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, осының есебінен мұнайды қайта өңдеудің жаңа шарттары болады:
- мұнай жеткізушіге жер қойнауын пайдаланушының 50% және одан да көп акциялары тиесілі;
- жер қойнауын пайдаланушыға мұнай жеткізушінің 50% және одан да көп акциялары тиесілі;
- аталмыш мұнай жеткізушісі мен жер қойнауын пайдаланушының акцияларының 50%-ын немесе одан да көп бөлігі тікелей немесе жанама түрде иелік ететін адамдар бақылайды.
Энергетика министрлігі осының арқасында мұнай-газ компаниялары делдалдарсыз жұмыс істей алады және шикізатты ішкі нарыққа жеткізуден түсетін кірісті арттыра алады деп үміттеніп отыр. Нәтижесінде жұмысшылардың жалақысы көтеріледі, әлеуметтік және басқа да міндеттемелер орындалып, кен орнын дамытуға инвестициялар ұлғайтылады.
"Мұнайды ішкі нарыққа еншілес маркетингтік құрылымдар арқылы өткізу кезінде ішкі нарықтағы мұнай бағасының ашықтығы артады деп болжануда. Жер қойнауын пайдаланушылар еншілес компания сататын мұнай өнімдері себетінің құнына сүйене отырып, мұнай бағасының қалай қалыптасқанын көретін болады", — деп хабарлады энергетика министрлігінде.
Министрлікте мұнай-газ компаниялары мұнайды еншілес құрылымдар арқылы өз бетінше өңдей алатынын, ал мүдделі болмаған жағдайда мұнай өндеу зауытына сату мүмкіндігі бар екенін айтты.
Ұсынылған түзетулерді президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап қол қойды.
Осы күні Қазақстанда АИ-92 және дизель отынының шекті бағасын ұзарту туралы шешім қабылданды.