Қазақстанда атом электр станциясы (АЭС) салудың алдын ала мерзімі белгілі болды. Бұл туралы Алматыда АЭС құрылысының экономикалық аспектілерін талқылау жөніндегі отырысында белгілі болды, деп хабарлайды LS.
"Қазақстандық атом электр станцияларының" бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, егер Қазақстан өнiм беруші ретінде шешім қабылдап, 2023 жылы техникалық-экономикалық негіздемесi әзірленсе, онда АЭС пайдалануға 2035 жылы берiлуi мүмкін.
"Егер үкімет АЭС салу бойынша тиісті шешім қабылдап, 2023 жылы Қазақстан технологияларды жеткізуші инвесторларын анықтаса, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін болады", — деп нақтылады Жантикин.
Алдын ала есептеулер бойынша АЭС-тің екі блогының (1-1,2 мың МВт) құрылысы $6 млрд-тан $12 млрд-қа дейін ($1 үшін 424,84 теңге бағамы бойынша 2,5 трлн-нан 5,1 трлн теңгеге дейін) құрауы мүмкін. Жантикиннің айтуынша, қаржыландыру қарызды тарту және өз қаражатын 80% — 20% арақатынасында пайдалану арқылы жүзеге аспақ.
Оның айтуынша, шағын модульдік реакторларды ұсынатын ықтимал деген алты технологиялық жеткізуші компаниялар арасынан АҚШ компаниялары кейінге қалдырылды. Франция, Ресей, Қытай және Корея компанияларымен серіптестік қарым-қатынас өзгеріссіз қалды.
АЭС локациясы ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы қарастырылып отыр.
Алдын ала есептеулер бойынша, Қазақстанға қуаты 1 мыңнан 1,4 мың МВт дейінгі станция салу қажет.