Қазақстанда картоп пен сәбіз бағасының өсуі күтiле ме

Қазақстанда картоп пен сәбіз экспортына тыйым салуды алып тастау күтілуде. Бұл ішкі нарыққа қалай әсер етпек және бағаның өсуі күтiле ме. Бұл жайында картоп және көкөніс өсірушілер Одағының басшысы Қайрат Бисетаев LS-ке берген сұхбатында айтып берді.

Сарапшы ведомствоаралық комиссия тыйым салудың орнына 144 мың тонна картоп экспорттауға квота енгізетінін айтты. Ауыл шаруашылығы өндірушілері өз кезегінде осындай көлемді ішкі нарыққа белгіленген бағамен жеткізуге міндеттенді.

"Мемлекеттің бизнеске араласуға және қандай да бір шектеулер енгізуге құқығы жоқ. Бірақ біз әлеуметтік жауапты бизнес болғандықтан тұтынушының мүддесі бар екенін ескереміз. Сондықтан біз ымыралы нұсқаны – артық картопты сату мүмкіндігімен квоталауды және үш ай ішінде ішкі нарыққа 1 кг үшін 140 теңгеден аспайтын бағамен 144 мың тонна жеткізу міндетін өзімізге алуды ұсындық", – деп атап өтті Бисетаев.

Оның айтуынша, бұл көлем белгіленген бағамен картоптың айтарлықтай қымбаттауына жол бермейді.

"Ішкі нарық 316-350 мың тонна картоп тұтынса да, 144 мың тонна – осы үш айда біздің халық тұтынатын көлемнің жартысы. Егер бұл жартысы 1 кг үшін 140 теңгеден жеткізілетін болса, қалған жартысы қымбаттаса, онда шамалы", – деп түсіндірді LS сұхбаттасушысы.

Ол бұл шара ішкі нарықты сәуір айының соңы мен мамырдың ортасына дейін картоппен қамтамасыз ету және фермерлерге артық өнімді сатуға мүмкіндік беру үшін жеткілікті екенін айтты.

Сонымен қатар, Бисетаев Қазақстан үкіметі қазірдің өзінде көрші елдермен ағымдағы жылдың мамыр-маусымында картоп импорты туралы келісімге келуі қажет екенін ескертеді.

"Біз қыркүйек айында жинаған жергілікті картопты сәуір айының соңына немесе әрi кетсе 20 мамырға дейін. Ал келесі кезеңде ішкі нарыққа біздің оңтүстік облыстарда немесе Өзбекстан мен Қырғызстанда өсірілген жаңа піскен картоп келуі керек. Үкімет қазірдің өзінде белгілі бір көлемді – мамыр-маусым айларында шамамен 15-20 мың тоннаны Өзбекстаннан сатып алу қажеттігі туралы уағдаласуы тиіс", – деп атап өтті сарапшы.

Сәбізге келетін болсақ, онда экспорттауға тыйым толығымен алынып тасталды. Сонымен бірге, Бисетаев оның жетіспеушілігі болжанбайды деп сендіреді.

"Біз сәбіз жетіспейді қалады деп күтпейміз. Желтоқсан мен қаңтарда Ресейге сатылмаған көлемді сатуға үлгеру керек. Себебі, көптеген қазақстандық фермерлер Оралдан бастап Шығыс Сібірге дейін Ресейдегі серіктестері үшін сәбіздің белгілі бір көлемін өсіреді. Бұл аймақтар, әдетте, желтоқсан-ақпан айларында біздің сәбізге ауыса бастайды. Қарашадан бастап оны әкетуге тыйым салынғанын жариялаған кезде, бізде іске асыру басталды. Қараша айының басында оның бағасы 140-150 теңгеден 90 теңгеге дейін арзандады", – деді Бисетаев.

Ол қазақстандықтар үшін өсірілген сәбіз ішкі нарықта қалатынын растады. Сонымен бірге, Бисетаев мемлекет осы нарықтың iшiндегiлер арасындағы қалыптасқан қатынастарды бұзбауы керек деп санайды.

"Кез-келген ауылшаруашылық өнімі кездейсоқ қозғалмайды. Күн сайын жаңа көтерме сатып алушылар, сатушылар және т.б болады. Бұл жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынас, әркім өз серіктесін біледі және ол үшін белгілі бір көлемді өсіреді. Мемлекет оларға араласқан кезде, бұл байланыстарды бұзады. Күрделі қатынастар басталады: баға өсе бастайды, сатып алушылар кетеді немесе өндірушілер көлемін азайтады", – деді Бисетаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ортасында Қазақстан сәбіз бен картоп тапшылығына тап болды. Сол кезде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов экспорттың өсуіне байланысты жағдай қалыптасқанын мәлімдеп, АШМ мен әкімдіктерді әрекетсіздігі үшін сынға алды.

Бисетаев өз кезегінде экспортқа тыйым салу туралы айтты. Ол мұндай шараларды қауіпсіздік кеңесі деңгейінде қабылдау керек деп санайды.

"Үкіметтің қандай да бір тыйымдарды оңай енгізуге құқығы жоқ. Егер коронавирус немесе соғыс қимылдары сияқты қауіптер болса, онда квоталау механизмі бар. Үкімет пен бизнес қандай жағдайларда квоталауды енгізуге болатынын және оның қалай жұмыс істеуі керектігін білуі үшін қазір оны тыныш уақытта қолға алу керек", – деп түйіндеді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында ведомствоаралық комиссия картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салуды алып тастады. Шара екі аптадан кейін күшіне енеді.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
работы и услуги семинар водосброс Торланское водохранилище судебная администрация поэт права инвалидов MOST Ventures стартапы республиканские дороги КаздорНИИ Воздух Transportation oil скотный двор статистика Антикора хищения средств единый социальный фонд внебюджетная система утеря кормильца Арлан Торпедо лицензирование учебные заведения Пономарев Сергей видеокамера умелец сварщик эндаумент фонд ил озеро Карасу Сайран энергетика басқармасы вейп Белград единое время Министерство просвещение декларирование доходов товары из Китая Буденовское Ливневки врезались в столб общественные пространства скверы Итоговый турнир ATP Морские обитатели Қуанамын Огни Байтерека бонистика нумизматика данные МВД Голополосова день национальной валюты имидж обеспеченность детей казахстанские родители Перизат Кайрат поножовщина премьер-министр Греции Мемориальная Доска

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top