Қазақстанда бір апта ішінде бензин бiршама қымбаттады, деп хабарлайды LS.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша Алматыда автомобильге жанармай құю станциясында АИ-92 орташа құны 2021 жылғы 22-29 қазан аралығында литріне 178-179 теңгеге жетті. Бұл ретте бір апта бұрын мегаполисте отын компанияға байланысты литріне 171-175 теңгеден сатылған. Осылайша айырмашылық 3 теңгеден 8 теңгеге дейін.
Нұр-Сұлтанда АИ-92 осы кезеңде литріне 173-179 теңгеден (бір апта бұрын 172-177 теңге) сатылды.
Шымкентте – литріне 170-172 теңге (бір апта бұрын 167-170 теңге).
Ең жоғары бағалар Қарағанды облысында байқалады – литріне 176-180 теңге. Бұл ретте осы өңірде көрсеткіштер өзгерген жоқ.
Отынның осы түріне ең төмен баға Атырау облысында байқалды – литріне 165-166 теңге. Бұл аймақта бағалар да өзгерген жоқ.
Ақмола облысында литріне 175-176 теңгеден, Алматы облысында – 173-177 теңгеден, Маңғыстау облысында – 174-175 теңгеден, Батыс Қазақстан облысында – 170-174 теңгеден, Қызылорда облысында – 170-174 теңгеден, Шығыс Қазақстан облысында – литріне 174-175 теңгеден, Солтүстік Қазақстан облысында – 175-177 теңгеден, Павлодар облысында – 170-173 теңгеден, Қостанай облысында – литріне 175-178 теңге, Түркістан облысында – 169-172 теңге, Ақтөбе облысында – 165-176 теңге, Жамбыл облысында – литріне 173-175 теңге.
Өз кезегінде Алматының автомобильге жанармай құю станциясында АИ-95 қазіргі уақытта литріне 205 теңгеден 215 теңгеге дейін, Нұр-Сұлтанда литріне 203-210 теңгеге жуық сатылады.