Туристердің ПТР-тестілеуі туроператорлардың пакеттері құнына қосылады, деп хабарлайды LS.
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, Қазақстанда шетелден оралған туристерді міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім туроператорлармен, "Атамекен" және ВКА-ның талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.
"Бүгінгі таңда шетелден келетін азаматтардың жалпы санынан коронавирустық инфекцияға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасы жоқ туристердің 80%-ы Египеттен, Түркиядан және Біріккен Араб Әмірліктерінен келгендерге тиесілі. Оның ішінде анықтамасыз туристердің 41%-ы Мысырдан, 27%-ы – Мальдивтен, 16%-ы – БАӘ-мен және 8,3%-ы – Түркиядан. Коронавирустық инфекцияның 80% жағдайы туристік елдерден келген демалушылар арасында анықталып отыр, оның ішінде: Мысырдан – 96 адам, Түркиядан – 50, БАӘ – 51", — деп атап өтті ұйымда.
Сонымен бірге, LS сұрағына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі күні COVID-19 вакцинасы ПТР-тестілеуіне балама ретінде қарастырылмайтынын хабарлады. Себебі, иммунитетті көтеру үшін кем дегенде бір ай қажет.
Бұған дейін туроператорлар қауымдастығы авиакомпанияларға ПТР-тестілеуден өткен анықтамасы жоқ елге оралған қазақстандықтарды авиарейстерге жібермеу туралы ұсыныс жасаған болатын.