Жыл басынан бері Қазақстанда ең танымал көліктер 26%-ға дейін қымбаттады, деп хабарлайды LS.
Бағаның айтарлықтай өсуі 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда байқалды.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Chevrolet Cobalt ең танымал болды – 12,2 мың сатылым. Сонымен қатар, шілдемен салыстырғанда бұл модель 15,6%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері баға 23,9%-ға өсті. 2021 жылдың 26 қарашасына машина құны 5,19 млн теңгеден басталады.
Жаздан бері ең көп қымбаттаған Chevrolet Nexia – шілдеден бастап 25,1%-ға 4,99 млн теңгеге дейін. Бұл модель ең танымал топ 10-да ең арзан болып қала береді.
Hyundai Accent бағасы ең аз өзгерді – шілдеден бастап 3,2%-ға және қаңтардан бастап 6,7%-ға 6,39 млн теңгеге дейін. Toyota RAV4 сәл қымбаттады – жаздан бастап 3,5%-ға 14,32 млн теңгеге дейін. Бұл модель рейтинг бойынша ең қымбат.
Естеріңізге сала кетейік, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа көліктер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 8,3%-ға қымбаттағанын атап өтті. Пайдаланылған машиналардың құны 9,8%-ға өсті.
Ведомство бағаның өсуін бірнеше факторлармен түсіндірді, олардың бірі Қытаймен шекарадағы проблемаларға байланысты компоненттердің тапшылығы.
