Қазақстанда орташа зейнетақы өсті, деп хабарлайды LS.
Еңбек министрлігінің ақпараты бойынша, 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Оның ішінде базалық – 79,4 млрд теңге, ортақ – 182,6 млрд теңге.
"1 шілдедегі мәлімет бойынша, қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Төлемдердің орташа мөлшері 117 469 теңгені құрады (2022 жылдың 1 маусымына 105 189 теңге). Осылайша, бір ай ішінде ол 12 280 теңгеге өсті. Қазақстанда барлығы 2,2 млн-нан астам зейнеткер бар", — деп хабарлады министрлікте.
Бұған дейін, LS редакциясы қай салымшылардың шоттарында ең көп зейнетақы қаражаты жиналғаны және зейнетақы көлемі бойынша қай өңір көш бастап тұратыны туралы инфографика дайындаған болатын. Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы активтерін экономиканы қаржыландыру үшін пайдалану ұсынылды.