Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте 22,6 миллиметр қар жауды. Бұл ретте орташа көпжылдық мәні 25,9 миллиметрді құрайды. |
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 18 қараша күні Петропавлдағы метеостанция 24 миллиметр жауын-шашынды тіркеген. Ал қараша айының басынан бастап 32,8 миллиметр жауған, мұндағы орташа көпжылдық мән – 30 миллиметр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Есіл ауданының Явленка ауылында 19,4 миллиметр, ал Ясновка ауылында – 45,4 миллиметр жауын-шашын түскен. Шал ақын ауданындағы Сергеевкада – 31,7 миллиметр жауған, мұнда орташа көп жылдық мән 26 миллиметр болып тіркелген.
Бүгін қардың ең аз мөлшері Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында жауған – 5,6 миллиметр, Ғ.Мүсірепов ауданының Андреевка ауылында және Ақжар ауданының Қызылтүс ауылында – 5,8 миллиметр тіркелген.
Облыста ертең 19 қарашаға дауыл туралы ескерту жарияланған. Онда қарлы боран, күндіз солтүстік-батыстан жел, түнде солтүстік желі 15-20 м/с болады деп күтілуде.