Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. |
«Қазгидромет» РМК 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
«Солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі», — делінген хабарламада.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 градус жылы болады.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жылдың осы уақытына сай салыстырмалы түрде қолайлы болады: түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 градус, күндіз 20-28 градус жылы болады.