Ұлттық компаниялар өз акционерлеріне дивидендтерді төлеу үшін валюталық қарыз тартты. Квазимемлекеттік сектор аудитінің қорытындысы бойынша Есеп комитеті осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды LS.
"Валюталық қарызды ірі ұлттық компаниялардың бірінің еншілес компаниясы акционерлерге дивидендтер төлеу үшін тартқан фактілер бар. Ал жалпы мемлекетке төленетін дивидендтердің көлемі алынған таза табыстың 7%-ынан аспайды", – деп мәлімдеді Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова.
Бұл ретте квазимемлекеттік секторды жоғары технологиялық және тиімді институттарға айналдыру процестері тиісті нәтиже бермегеніне сенімді ол.
"Трансформация созылуда, жекешелендіру тек 62%-ға қамтамасыз етілді. Квазимемлекеттік сектордың бейінді емес активтерін сатудан Ұлттық қорға 2017-2020 жылдары 40 млрд теңге немесе іске асыру сомасынан 7% көлемінде кірістер түсті. Қалған қаражат ішкі және сыртқы қарыздарды өтеуге жұмсалды", – деп түсіндірді комитет басшысы.
Ол квазимемлекеттік сектордың негізгі жүйелік проблемаларын атап өттi. Олардың қатарында реттелмейтін және айқын емес дивидендтік саясат, сатып алудың едәуір үлесін байқаусыз және көбінесе үлестес компаниялардан жүзеге асыру бар. Орташа көрсеткiш 77%. Бұл салынып жатқан нысандардың жоғары сметалық құны.
"Бұдан басқа, ұлттық компаниялардың көпшілігінде әкімшілік шығыстарда 58%-ға дейін жалақы алады. Ал директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар мен бонустар төлеу KPI орындалуына байланысты емес", – деп толықтырды Годунова.
Оның айтуынша, тұрақты бюджеттік қаржыландыру квазимемлекеттік секторды осы қаражатты ұтымды пайдалануға ынталандырмайды.
"Мемлекеттік активтерді басқару тәсілдеріне өзгерістер енгізу қажеттігі пісіп-жетілді. Жалпыұлттық міндеттерге қол жеткізудегі әркімнің рөлін нақты айқындай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін стратегиялық жоспарлауды жетілдіру керек. Борыштық жүктемеге бақылауды күшейте отырып, корпоративтік және дивидендтік саясатты нақты регламенттеу қажет. Көптеген компанияларда мұндай жұмыс жүргізілуде. Бірақ бір нәрсені заңнамалық деңгейде бекітудi қажет етедi", – деп түйіндеді ол.
Өз кезегінде сенатор Ольга Перепечина квазимемлекеттік сектордағы активтерді басқару ұлттық ресурстардың ұлғаюына және олардың әл-ауқатының өсуіне әрдайым ықпал етпегенін атап өтті.
"Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің теңгерімінде бейінді емес активтердің болуы бойынша мәселелер бар. Мысалы, моторлы яхта, шаңғы трассалары, кафе, қонақ үй, тұрақты және басқа да инфрақұрылымы бар спорттық-сауықтыру кешені. Сонымен қатар, оларды сатып алу және техникалық қызмет көрсету шығындары коммерциялық пайда әкелмейді", – деді ол.
Бұдан басқа, портфельдік компаниялардың жекелеген жобаларға салған инвестицияларының нәтижелері іс жүзінде нөлге дейін қысқарды, деп қосты депутат.
"Мысалы, "Қазақстан темір жолында" ақталмайтын жобалар барлық іске асырылған жобалардың 75%-ын алады, бұл 16 жобаның 12-сі. Штатта тиісті мамандар болған кезде консультациялар көрсету үшін бөгде ұйымдарды тарту тәжiрибесi бар. Бұл ретте бірыңғай әдістеме мен консультанттар мөлшерлемелер құнын және басқа да шығындарды есептеу жоқ", – деп наразылық танытты Перепечина.
Тұтастай алғанда, ол мұндай әкімшілік шығыстар үшін лимиттерді айқындап қана қоймай, бәсекеге қабілеттілік пен рентабельділікке және қаржылық тұрақтылыққа баса назар аудара отырып, портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігіне бағалау енгізу қажет деп есептейді.
Бұған дейін, Қазақстандағы квазимемлекеттік секторда 56 млрд теңге қатып қалғаны туралы ақпарат шыққан болатын.