Capital Bank Ұлттық банкке қанша қарыз болды

Ұлттық банк Capital Bank-ке қатысты 12,6 млрд теңгені қайтару туралы талап арыз берді, деп хабарлайды LS.

Ақпаратқа сәйкес, 2017 жылы сауықтыру шаралары шеңберінде бас қаржы институты Capital Bank-ке мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен қарыз берді. Несие банктің акционері ретінде Орифджан Шадиевтің кепілдігімен қамтамасыз етілген болатын. Шадиев өз міндеттемелерін орындамағандықтан, Ұлттық банк кепілгерден негізгі қарыз және сыйақы бойынша берешек қалдығын өндіріп алу туралы талап арыз берді.

"Лицензияны қайтарып алу күніне Capital Bank-тің негізгі қарыз бойынша берешегі 12,6 млрд теңгені құрады (2017-2021 жылдар аралығындағы кезеңде бұрын өтелген сомаларды есепке алғанда)", — деп нақтылады Ұлттық банкте.

Сондай-ақ, ведомствода Шадиевтің өкілі жеке, отбасылық, коммерциялық құпияларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және іс бойынша тараптар болып табылмайтын адамдардың қатысуынсыз жабық сот отырысында сот талқылауын өткізу туралы өтініш бергенін атап өтті.

"Азаматтық іс шеңберінде қаралатын материалдар жауапкердің жеке мүлкіне де, үшінші тұлғалардың мүлкіне де қатысты ақпаратты қамтиды. Осыған байланысты Ұлттық банк істі қарауды жабық режимде жүргізуге қатысты қарсылық білдірмеді", — деп түйіндеді бас банкте.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бірінші сатыдағы сотында Ұлттық банктің бизнесмен Шадиевке арнайы мақсаттағы қарыз туралы шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарау басталғаны белгілі болды.

Шадиев 2013 жылдан бастап Capital Bank-тің жалғыз иесі болды, ал 2019 жылдың маусым айында AsiaCredit Bank-ті сатып алды.

Екі қаржы институты реттеушінің пруденциялық нормативтерін жүйелі түрде бұзуына байланысты банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылды. Осылайша, AsiaCredit Bank өз клиенттеріне ақпан айында, ал Capital маусым айында қызмет көрсетуді тоқтатты.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top