Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің айтуынша бұл жағдай қатты желдің әсерінен орын алды.
Белгілі болғандай қатты желдің әсерінен көпірдің қошауы құлап, "Қазақтелеком" АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымданған. Салдарынан Семей қаласының сол жағалауында интернетке қолжетімділік жоқ.
Жақын арада интернет жұмысы қалпына келтіріледі.
"Қоршау құлаған бөлік арнайы лентамен қоршауланды. Көпірде қозғалыс тоқтаған жоқ. Жөндеу жұмыстарын жүргізілуде", — деп айтты Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әділбек Увасилов.
Сурет: Ахмет Чукеев