ҚТЖ баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Оқиға 16 қарашада сағат 12:50-де Астана – Қарағанды учаскесінде болған.
"Жүк пойызының өтуі кезінде вагондардың рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздарға кідіріс болған жоқ. Пойыздар іргелес жол бойымен жүріп жатыр", — делінген хабарламада.
Рельстен шығу салдарын жою үшін Астана және Қарағанды станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.
Сурет: видеодан скриншот