Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланып отыр. LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жобаның егжей-тегжейін айтып берді.
Министрлiкте атап өткендей, қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесиелеуге қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылуда, ол 2015 жылы іске қосылған болатын.
Бұдан басқа, көп балалы отбасыларды, күш құрылымдарының қызметкерлерін, дәрігерлерді, мұғалімдерді қолдау жөніндегі шараларды қосымша қамтитын жаңа бағдарлама әзірленетін болады. Сондай-ақ, утилизациялық алымнан түсетін қаражат есебінен "Бірінші отбасылық автокөлік" кіші бағдарламасы пайда болады.
Сонымен қатар, ИИДМ ақпараты бойынша, қолданыстағы жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы басталған сәттен бастап қаржыландырудың жалпы лимиті 82 млрд теңгені құрайды.
Шарттарға сәйкес, отандық бір машинаны құрастыру құны 15 млн теңгеге дейін болуы тиіс. Несиелеу мерзімі – жеті жылға дейін. Соңғы қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспауы керек. Қарызды өтеу кезінде қайтарылған қаражат есебінен қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға қайта несие беруге жол беріледі.
"Бағдарлама 20 жылға есептелген және револьверлік несиелендіруге негізделген. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап револьверлік-қайтарымды қаражатты ескере отырып, 159 млрд теңгеге 30,5 мың қарыз берілді. Осы уақыт ішінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алды. Бүгінде отандық өндірістің келесі брендтері қолжетімді: Hyundai, JAC, Chevrolet, KIA және LADA", — деп түсіндірді ведомствода.
Қазіргі уақытта бағдарламаны Ұлттық банк тарапынан қаржыландыру тоқтатылды. Осыған байланысты ИИДМ қаражат алудың жаңа көздерін іздейді.
Бұған дейін, вице-министр Марат Қарабаев автокөлікті бастапқы жарнасыз сатып алу мүмкіндігі пысықталып жатқанын хабарлаған болатын.