3 наурыздан бастап Қазақстанда жеке тұлғалар үшін банкроттыққа өтініш қабылдау басталады. LS тілшісі инфографикада халыққа несие бойынша қарыздарды есептен шығаруға болатын жағдайларды қарастырды.
Сонымен, жеке тұлғалардың банкроттық рәсімінің үш түрі қарастырылған: соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл ретте кредитордың қарыз алушының банкроттығына арыз беруге құқығы жоқ. Мұны борышкердің өзі жасауы тиіс.