Жыл соңына қарай теңге мен инфляция жағдайы қандай болмақ – болжам

2021 жылы теңгенің орташа жылдық бағамы $1 үшін 426,3 деңгейінде қалыптасады, ал инфляция 7,8% деңгейінде болады. Бұл болжаммен AERC компаниясында бөлісті, деп хабарлайды LS.

Компанияның талдаушылары қарашадағы макроэкономикалық шолуда мынадай факторларға сүйенеді: Brent бағасы 2021 жылы орташа есеппен бір баррель үшін $68,6 құрайды, сауда әріптес елдердің экономикасы 5,3%- ға өседі, ал мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 86 млн тонна деңгейінде қалыптасады.

"Біздің болжамымыз бойынша, Қазақстанның нақты ЖІӨ 2021 жылы 3,8%-ға дейін, ал 2022 жылы 4%-ға дейін артады. Тұтыну инфляциясы 2021 жылы 7%-дан 7,8%-ға дейін өседі, бірақ 2022 жылы оны тежеу бойынша қазір қабылданып жатқан шаралардың кешеуілдеп әсер етуі есебінен 6,5%-ға дейін төмендейді. Төлем балансының ағымдағы шоты тапшылықты – $7,1 млрд (шілдеде $6,4 млрд) дейін кеңейту жағына қарай қайта қаралып, ЖІӨ-де – 3,6%-ды құрады. Brent бағасы 2021 жылы орташа есеппен $68,6 деңгейінде, 2022 жылы – $66 болады", — делінген шолуда.

Сарапшылар RUB/KZT номиналды айырбастау бағамы биыл 5,8, ал 2022 жылы 5,9 бірлікті құрайды деп күтуде.

"AERC USD/KZT бағамы 2021 жылы орта есеппен 426,3 деңгейінде қалыптасады деп күтуде. 2022 жылы ол Brent бағасы барреліне $66 болған кезде $1 үшін 430,4 теңгені құрайды", — деп күтеді сарапшылар.

Шолуға сәйкес, негізгі капиталға инвестициялар деңгейі 102,5% г/г-дан 102% г/г-ға қарай қайта қаралды). Сондай-ақ, 2021 жылы атаулы орташа айлық жалақының 12,5%-ға өсуі күтілуде. Осындай үрдіс 2022 жылы 11% деңгейінде сақталмақ.

"Қазақстанда атаулы ақшалай табыс өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артады. Ал 2022 жылы – 12%. Сонымен қатар, нақты экспорт биыл 2,5%-ға, импорт 3,9%-ға өседі. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға, құрылыс көлемі 12%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы 4,1%-ға артады", — делінген AERC компаниясының болжамында.

Бұдан басқа, құжатта бастапқы алғышарттарды ескере отырып, Қазақстанның сауда балансы 2021 жылы $10,3 млрд (2022 жылы $10,8 млрд) мөлшерінде оң болатынын атап өтті.

"Төлем балансы қызметтерінің сальдосы биыл $3,1 млрд деңгейінде қалыптасады, бастапқы кірістер балансы шамамен – $15,6 млрд құрайды, 2022 жылы AERC бастапқы кірістер балансы тапшылығының 2021 жылмен салыстырғанда 0,94%-ға – $15,5 млрд-қа дейін төмендеуін болжайды", — деп күтуде сарапшылар.

Сонымен қатар, AERC бағалауы бойынша салық түсімдері 9,81 трлн теңгені құрайды. 2021 жылы корпоративтік табыс салығы 2,07 трлн теңгеден асады, жеке табыс салығы 1,01 трлн теңге деңгейінде, ал қосылған құн салығы 2,78 трлн теңге деңгейінде болады деп күтілуде.

Бұл ретте AERC 2021 жылға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі бойынша болжамды шілдеден бастап 15,52 трлн теңге деңгейінде сақтап қалды.

"Шілде айындағы болжаммен салыстырғанда мемлекеттік бюджет тапшылығы – 3,01 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге – 3,6% деңгейінде болады деп күтілуде. 2022 жылы инфляцияны тежеу мақсатында мемлекеттік бюджет шығындары 2021 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға немесе 14,97 трлн теңгеге дейін азаяды. Сондай-ақ, келесі жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы – 2,63 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге – 3% деңгейінде болжанады", — деп қорытындылады AERC компаниясы өз макроэкономикалық шолуында.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
поэт права инвалидов MOST Ventures стартапы республиканские дороги КаздорНИИ Воздух Transportation oil скотный двор статистика Антикора хищения средств единый социальный фонд внебюджетная система утеря кормильца Арлан Торпедо лицензирование учебные заведения Пономарев Сергей видеокамера умелец сварщик эндаумент фонд ил озеро Карасу Сайран энергетика басқармасы вейп Белград единое время Министерство просвещение декларирование доходов товары из Китая Буденовское Ливневки врезались в столб общественные пространства скверы Итоговый турнир ATP Морские обитатели Қуанамын Огни Байтерека бонистика нумизматика данные МВД Голополосова день национальной валюты имидж обеспеченность детей казахстанские родители Перизат Кайрат поножовщина премьер-министр Греции Мемориальная Доска транспортное средство Ильхам Әлиев распродажи сталь департамент эффективности

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top