Алаяқ 28 жастағы әйелге медициналық колледж дипломын "сатамын” деп айтқан.
Семейде дипломды сату желеуімен алаяқтық әрекет анықталды.
49 жастағы жергілікті тұрғын сенімге кіру арқылы 28 жастағы әйелге медициналық колледж дипломын "сатамын” деп уәде еткен. Өзінің бұл өтірігі үшін ол 500 000 теңге алып, оны тез арада жұмсап тастаған.
" Жәбірленуші ақшасыз және құжатсыз қалды, ал қаскүнемге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шараларының қорытындысы бойынша ер адам кінәсін мойындады" — деп жазылған ресми хабарламада.
Білімге, кәсіпке немесе басқа артықшылықтарға құқық беретін құжаттарды тек заңды түрде алуға болады. Алаяқтарға жүгіну ақшаның жоғалуына әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар елеулі заңды жауапкершілікке душар етуі де мүмкін.
Сурет. Абай облысы ПД баспасөз қызметі