Тізімге қаланың бес танымал ойын-сауық орны кірді.
Мәліметтерге сәйкес, "102" арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды.
Тізімді "Рибай" ойын-сауық орны бастап тұр, "102"арнасына рекордтық өтініш саны түсті – 89 хабарлама. Екінші орынды 79 хабарламасы бар "Ассоль" ойын-сауық мекемесі. Үшінші орын "Анита" мейрамханасында. Бұл нысанға 65 хабарлама түсті. "Ника" дәмханасы орналасқан мекен-жай бойынша 42 хабарлама түсті. Бестікті "Мельница" ойын-сауық орны қорытындылайды. Бұл мекемеге қатысты 40 хабарлама түсті.
"Ең қауіпті 5 мекеменің әрқайсысы үшін көрсеткіштерге "102" арнасындағы хабарламалар саны, полицияға тіркелген өтініштер, қылмыстар, сондай – ақ, көрнекі салыстыру үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер кіреді", — делінген ПД хабарламасында.
Сурет: Абай облысы ПД