ШҚО-да төрт ірі кәсіпорын жұмыс істемей тұр

Шығыс Қазақстан облысында төрт ірі кәсіпорын тоқтап тұр. LS өндірістің қандай себептермен өз қызметін тоқтатқанын білді.

LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлағандай, қазіргі уақытта облыста айналым қаражатының жетіспеуі, міндеттемелердің орындалмауы және т.б. салдарынан төрт өндірістің қызметі тоқтатылды. Мемлекеттік құрылымның мәліметтері бойынша, облыста авто өндірісі тоқтап тұр. Мұның себебі, басшылықтың моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамауы болды.

"Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (МАЭС) 2020 жылғы 24 тамыздағы шешімімен 2019 жылғы 4 қарашадағы № 1 қосымша келісім жарамсыз деп танылып, 2017 жылғы 7 сәуірдегі келісім бұзылды", — деп хабарлады мемлекеттік мекемеде.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 29 қаңтардағы сот шешімімен компаниядан республикалық бюджетке 173,9 млрд теңге, жергілікті бюджет кірісіне 5,2 млрд теңге мемлекеттік баж мөлшерінде залал өндірілді. Әкімдікте атап өткендей, бұдан басқа, 179,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік пен ақшалай қаражатқа тыйым салынды. Штаб құрылып, онда жалақы, салық, коммуналдық қызметтер, жұмыс орындары, сондай-ақ, жекелеген бөлімшелердің қызметін жалғастыру үшін шоттарды ашу мәселелері шешімін тапты.

Мемлекеттік мекемеде ақпан айында 1969 жұмыс орнын босату туралы белгілі болғанын хабарлады. Олардың мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша 1543 адаммен еңбек шарттары бұзылған. Әкімдікте 437 адам облыстың 177 компаниясына жұмысқа орналастырылғанын мәлімдеді.

"48 қызметкер келіссөздер жүргізіп, басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға келісім берді. Қазіргі уақытта шарттардың талаптарын, оның ішінде жалақы мөлшерін талқылау, қажетті комиссиялардан өту жұмыстары жүргізілуде", — деп түсіндірді мемлекеттік мекемеде.

Жұмыспен қамту орталығына 678 адам жүгінді. Оның 111-і жұмысқа орналастырылды, қалған жұмыс жалғасуда. Зауыттың бұрынғы 158 қызметкері жақын арада жұмыспен қамту орталығына хабарласуды жоспарлап отыр.

"168 адам одан арғы іс-әрекеттер туралы шешім қабылдамады немесе жұмыспен қамту органдарының қызметкерлерімен сөйлесуден бас тартты. 54-зейнеткерлер жұмысқа орналасудан бас тартты", — деп қосты мемлекеттік құрылымда.

Сонымен қатар, қызметкерлер үшін басқа автоөндірушілермен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

"Жоғарыда аталған ұйымдар өкілдерінің ақпараты бойынша, қызметкерлер еңбек шартының талаптарымен келіспеу және басқа қалада тұру себебінен жұмысқа орналасудан бас тартты",-деп түсіндірді әкімдікте.

Атап өтілгендей, 439 қызметкер жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда еңбек етуде, олар автокөліктерге қызмет көрсету және автобөлшектерді сату, туризм, құрылымдық бөлімшелерді әкімшілендіруге жұмылдырылған. Қызмет тоқтатылғанға дейін кәсіпорынның қуаты бір ауысымдық жұмыс режимінде жылына 25 мың авто, екі ауысымдық режимде жылына 45 мың авто, үш ауысымдық режимде жылына 60 мың автоны құрады.

Келесі тоқтап тұрған кәсіпорын – қуаттылығы жылына 1 млн тонна цемент өндіру. LS ке түсіндіргендей, оған себеп айналым қаражатының жеткіліксіздігі болцуы. Сонымен қатар, әкімдікте Сингапурдан келген инвестор өндірісті қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ақпаратқа сәйкес, кәсіпорынға 15 млрд теңге салынады. Оның қызметі қайта жандандырылмақ.

"Тоқтатылғанға дейін компанияда шамамен 270 адам жұмыс істеді. Жалақы бойынша қарыз бар", — деп толықтырды мемлекеттік мекемеде.

Сондай-ақ, өңірде қиын қаржылық жағдайға байланысты ет комбинаты өз жұмысын тоқтатты. Ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын әлі банкрот деп танылмаған, инвестор жоқ. Қайта қалпына келтіру үшін 16 млрд теңге қажет.

Комбинаттың қуаттылығы жылына 3,5 мың тонна өнімді құрады, оның ішінде шұжық өнімдері, ет деликатестері мен ысталған өнімдер, ет және ет-өсімдік консервілері, тартылған ет және жартылай фабрикаттар шығарылды. Кәсіпорында 200-ге жуық адам еңбек етті. Оларға басқа кәсіпорындарда лауазымдар ұсынылды.

Төртінші бос өндіріс сатылымға шығарылды. Ақпаратқа сәйкес, табиғи тасты өндіру және өңдеу, қаптау және сәулет-құрылыс бұйымдарын өндіру кәсіпорны Курчатовта орналасқан. Әкімдікте инвестор іздеу жүргізіліп жатыр деп сендірді. Жоба құны – 3,79 млрд теңге. Кәсіпорында 100-ден астам жұмысшы еңбек еткен.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top