«Алма теріп, миллион теңге аламын»: Көкшетаулық жігіт Англиядағы жұмысы жайлы

Қазіргі таңда шетелге жұмысқа кетіп, нәпақасын тауып жүрген қазақтар саны өте көп. Бірі жұмысты ауыр десе, енді бірі жұмыстың бәрі бірдей дейді.

Шетеледе жеміс теріп, миллион айлық алып жүрген Көкшетаулық Нияз Сағындықпен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты.

- Шетелге жұмысқа баруға не себеп болды? Қалай кеттіңіз?

- Мен Сағындық Нияз. Көкшетау қаласынан боламын. Жасым 23-те. Шетелге бару, жұмыс жасау, аралап, қыдыру арманым болған. Мен қазір Англия мемлекетіне жұмысқа келдім. Жұмысқа сайт толтыру арқылы келдім. Қаңтар айында сайтты толтырып, наурыз айында онлайн сұхбаттан өттім. 12-ші мамырда Англияда жұмыс бар деп айтты. Сөйтіп, барлық құжаттарым дайын болған соң, 12-ші маусымда Англияға ұшып келдім.

- Қандай жұмыс жасайсыз? Құпия болмаса жалақыңыз қанша?

- Англия мемлекетінің Рыньхэн районы, Акчеш деген ауылында егістік бар. Бұл жерде алма, алмұрт, өрік, черешьня тереміз. Осы маңызды 4 жеміс түрі. Жалақы әр жұма сайын 220-230 мың аралығында түседі.

Айлық жалақыны есептегенде 700-900 мың аралығыда болады. Қатты жаңбыр кезде жұмысқа шықпаймыз. Одан бөлек былайғы кезде де жұмыс болмай бос болатын кездер де болады. Сол себепті айлығымыз нақты мынадай сомада деп айта алмаймын. Ал, кей кездері көп жұмыс шыққанда, көбірек алатынымыз да бар. Бір айда миллион жалақы шығады. Ішіп-жем, қыдыру бар дегендей. Осы елге бірінші рет келген соң, Лондонға бардым, қыдырып та үлгеріп жүрмін.

- Елге оралу ойыңызда бар ма? Әлде қалғыңыз келе ме?

- Елге оралу, әрине, ойда бар. Бірақ, кейде қалғым да келеді. Әр елдің салты басқа дегендей. Бұл жақтың адамдары басқаша. Менің қолым, біреуге байқамай тиіп кетсе, ол адам сізден кешірім сұрайды, өте кішіпейіл. Жолдары тар, кішкентай. Соның өзінде бір-біріне жол беріп, кішіпейілділік танытып, әрдайым ризашлық ілтипат көрсетеді.

Бұл жақ өте дамыған мемлекет. Сонысымен мені таңқалдырып, қызықтыруда.

Алты айлық жұмысқа келегн соң, уақытында елге қайтуым керек. Қалып, заңсыз жүру қиындық туғызады. Ең дұрысы, өз уақытымен елге оралып, тағы шақыртумен заңды түрле келегн дұрыс. Әрине, шақырту алу үшін, жақсы жұмыс жасап, тиянақтылық пен ұқыптылықты көрсету керек. Барлық нәрсе еібектенуді талап етеді.

- Өз елімізге қарағанда, өзге елде тұрған қалай?

- Бұл жайында сөз қозғар болсам, өз еліме ештеңе жетпейді. Әрине, арзаншылық бұл жақта, жалақы көп, айтып өткенімдей адамдары мүлдем басқаша. Бірақ, мен өз елімді әрқашан сағынамын, өзге елге ауыстыра алмаймын деп, қысқаша қайырғым келеді.

- Бойдақсыз ба? Шет елден келін әкелу ойыңызда жоқ па?

- Иә, бойдақпын. Жоқ, мүлдем атай көрмеңіз. Өз қазағымның қызын аламын, бұйыртса! Бұл жақтың ментолитеті басқаша. Қазақтың қызына ешкім жетпейді.

- Көп рахмет, Нияз! Табысты болыңыз! Елге абыроймен аман-есен оралуыңызға тілекшіміз!

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
судебная администрация поэт права инвалидов MOST Ventures стартапы республиканские дороги КаздорНИИ Воздух Transportation oil скотный двор статистика Антикора хищения средств единый социальный фонд внебюджетная система утеря кормильца Арлан Торпедо лицензирование учебные заведения Пономарев Сергей видеокамера умелец сварщик эндаумент фонд ил озеро Карасу Сайран энергетика басқармасы вейп Белград единое время Министерство просвещение декларирование доходов товары из Китая Буденовское Ливневки врезались в столб общественные пространства скверы Итоговый турнир ATP Морские обитатели Қуанамын Огни Байтерека бонистика нумизматика данные МВД Голополосова день национальной валюты имидж обеспеченность детей казахстанские родители Перизат Кайрат поножовщина премьер-министр Греции Мемориальная Доска транспортное средство Ильхам Әлиев распродажи сталь

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top