Жаңа жылда ет бағасымен қызанақ алуға дайын болыңыздар – Депутат жылыжай мәселесі туралы

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров жылыжай саласында шаруаларға жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу керегін айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Екі апта бұрын Түркістан облысына сапарымда оңтүстік өңір шаруаларының құрылтайына қатыстым. Халықта шешімін күтіп отырған мәселе көп. Соның бірегейі – жылыжай мәселесі. Бұл сала әбден құлдыраған. Елімізде 1,2 мың гектар жылыжай кешені болса, оның 80%-ы Түркістан өңірінде шоғырланған. Осы жылыжайлардың 90%-ы фермерлік жылыжайлар бүгінде 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр», — деді депутат Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда жылыжай саласы құрдымға кетіп барады. Шаруалар жылыжайларын бұзып, қаңқасын темір-терсекке өткізіп жатыр.

«Себебі шоғырланған мәселелерін шешуде Үкімет тек уәде берумен шектеліп отыр. Аграрлық несие корпорациясы фермерлік жылыжайларды арнайы жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын әлі әзірлемеген. Шаруалар кәсібін жүргізуге микроқаржы ұйымдарынан 45%-бен несие алуға мәжбүр. Осы уақытта шаруалардың жартысы несиесін жаба алмай банкрот жағдайға жетті», — дейді спикер.

Мәселен, қыста жұмыс істеу үшін түркістандық жылыжайшыларға 450 мың тонна көмір керек. Облыс әкімшілігі мен Энергетика министрлігінің көмір кеншілерімен арзандатылған көмір алуға келіскен лимиті 150 мың тоннадан аспайды. Ол да жеткізу шығындарын, делдалдардың қосатын бағасын есептегенде тоннасына 25 мың теңгеге шығады.

«Шаруаларды тығырыққа тіреп отырған басты мәселе — маусымдық импорт. Былтырдан бері шаруалар Түрікменстан мен Өзбекстаннан демпингтік бағамен қызанақ пен қияр кіріп жатқанда дабыл қағып, Үкіметтен шара қолдануды сұрады. Алайда еститін құлақ болмады. Биылдан бастап біздің жылыжайшылар қызанақ өсіруді қойды, себебі шығынын ақтамады. Ал нәтижесін қазір көріп отырмыз. Дәл қазір базарға барсаңыз килограмы 1000 теңгеден төмен қызанақ таппайсыз. Ал жаңа жылда қызанақ пен қиярды еттің бағасымен сатып алуға дайын отырыңыздар», — деді А. Қожаназаров.

Мәжіліс депутаты жылыжай саласында шаруаларға қаржылық сауықтандыру жүргізу және жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу керегін айтуда. Ол үшін Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы «Кең дала» бағдарламасы аясында жылыжай саласына қаражат бөлу маңызды болмақ.

Екіншіден, импортталатын жылыжай өнімдеріне шекарада бақылауды күшейту, толыққанды фитосанитариялық шараларды қабылдау және маусымдық кезеңдерде кедендік баж салығы көлемін ұлғайту арқылы отандық шаруалардың мүддесін қорғау керек.

«Үшіншіден, Премьер-Министр деңгейінде көмір кенін игерушілерді жинап, жылыжайшыларға қажет көмірді жеңілдетілген бағамен жеткізу мәселесін қарау қажет. Бұл азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі. Демек бұл мемлекеттік, керек десеңіз ұлттық мүдде. Төртіншіден, былтырдан бері уәде етілген жылыжайларды субсидиялау ережелері мен нормативтерін қабылдауды тездету керек. Облыстық бюджеттен субсидиялауға бөлінген қаражат 500 млн тг, ал жалпы қажеттілік 2,5 млрд тг асады. Осыған орай, қосымша қаражат көздерін қарастыру қажет», — деді депутат.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
Охранники нацсборная Килмар Абрего Гарсия Сальвадор доступное жилье углехимия работа на каникулах ужесточение контроля частные клиники правила въезда выпедение ребенка День эколога 5 июня плац-концерт первый пожар в доме дорожное движение Аскар Батырбаев День Государственных Символов регистрация препаратов заказ композитный бенчмарк управление пенсионными Психиатрическая больница психическое здоровье СП Инкай символы государственные Established Plant круиз лайнері Маңғыстау избрание Шерзат Полат Арестованный паралимпийцы Лабубу проверка иностранцев получение РВП демографический прогноз доклад ООН Фонтаны Шардара Белый дом Центр Искусств антифрод должник по алиментам Студентка объявление об уходе политическя карьера КУВА жүргізілуде орталық әлеуметтік қызмет арнаулы мүгедектігі бар жандар Kazleasing-2025 вступление принуждение үнемдеу

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top