Астанада 3 мыңға жуық жарнамалық маңдайша алынып тасталды

Олардың бәрі қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері елорданың бес ауданында үш мыңға жуық жарнамалық билборд, маңдайша мен жарнамалар алынып тасталды. Бұл жұмыс қаланың сырт келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Астана тұрғындары мұндай өзгерістер қаланы әдемі әрі заманауи етеді деп санайды.

"Мен қаламыздың келбеті күннен күнге құлпырып келе жатқанына қуанамын. Ол бір стандартқа айналып келеді, маңдайшалар алынып тасталады, бұл біздің үйді ғана емес, қаланы да құлпырта түседі", – деп есептейді астаналық Айман Тұрдахинова.

"Жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, қаланың сырт келбеті ретке келтірілуде. Өте дұрыс деп санаймын", – деді елорда тұрғыны Нұрман Рахимов.

Айта кетері, аудандық әкімдіктер түсіндіру және заңсыз әрі дизайн-кодқа сәйкес келмейтін жарнаманы алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізіп жатыр. Кәсіпкерлермен сөйлесіп, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттігі туралы буклеттер береді.

Бұған дейін президент Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top