Ұлыбританиядан келген инвестор қазақстандық жобаға $250 млн инвестициялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.
Алматы облысының әкімдігінде хабарлағандай, мұнда 100 мың басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жоспарланып отыр. Оны Ұлыбританиядан келген инвестор іске қосады. Оның құны $250 млн-ға бағаланады, бұрын жоба $120 млн-ға бағаланған.
Іске асыру мерзімі әлі белгісіз, өйткені жер учаскелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ферманың қуаттылығы күніне 250 мың литр сүтті құрайды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, мемлекеттік орган бастапқыда шетелдік компания өңірде балалар тағамын өндіретін зауыт салғысы келетінін еске салды.
"Бұл жоба оны Ресей аумағында көшіру және іске асыру себебінен тоқтатылды", — деп толықтырды әкімдік.
Естеріңізге сала кетейік, алдын ала деректер бойынша зауыттың қуаттылығы жылына 10 мың тонна өнімді құрауы тиіс болатын. Алайда, британдық инвестор олардың талаптарына сәйкес келетін сүт жеткізушілерін таба алмады.