Ақтөбе облысының ең ірі және қымбат жобалары

Ақтөбе облысында тәуелсіздік жылдары жалпы құны 436 млрд теңгеден асатын бес маңызды жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, ең қымбат өндіріс болып екiншi газ өңдеу зауыты болып саналады, ол үш кезеңде іске қосылды (2008 жыл, 2015 жыл, 2018 жыл). Оның іске асырылуы 151 млрд теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорында жылына 500 мың тоннадан астам төмендетілген газ, 4 млн тонна тауарлық газ, 3 млн тонна тауарлық мұнай өндіріледі. Сонымен қатар, 850 мың тоннадан астам шикі мұнай, 100 мың сұйытылған газ Нидерландыға, Қытайға, Францияға экспортталады.

Бұдан кейінгi жоба 128 млрд теңгеге бағаланады. Мәліметтерге сәйкес, ферроқорытпа зауытында цех салу 2009 жылы басталып, 2014 жылы ашылған. Жобалық қуаттылығы жылына 440 мың тонна ферроқорытпаны құрайды. Жалпы, зауытта жылына 776 мың тонна өнім шығарылады. Өнім Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей, Англия, Франция, Германия металлургиялық кәсіпорындарына жеткізіледі.

Өңірдің үшінші маңызды өндірісі 82,7 млрд теңгенiң темір жол рельстерін шығаратын, фасонды прокат шығаратын зауыты болып табылады. Кәсіпорын 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келедi. Қуаттылығы – 200 мың тонна рельс өнімі және 230 мың тонна фасонды прокат. Зауытта 120 м-ге дейін термо берік рельстер шығарылады, дайын өнім Еуропа мен ТМД елдеріне тасымалданады.

Төртінші орында 42 млрд теңгеге газ өңдеу кешені (бірінші кезек) орналасқан. Нысан 2018 жылдың желтоқсан айында Көкжасай кен орнында жұмыс істей бастады. Кәсіпорында қуаттылығы – жылына 30 млн текше метр құрғақ бензинді газ, жылына 37 мың тонна пропан-бутан техникалық қоспасы, жылына 5,4 мың тонна газ конденсаты, жылына 10,5 мың тонна күкірт. Ақпаратқа сәйкес, дайын өнімнің 70%-ы Бұхара – Орал магистральдық газ құбыры арқылы шетелге сатылады.

Ең қымбат жобалардың бестігін 33 млрд теңгелік жел электр станциясының бірінші кезеңі аяқтайды. Жасыл нысанның инвесторы-итальяндық компания. Электр энергиясының көзі 2020 жылы Қарағалы ауданында іске қосылды. Осы күні инвестор жобаның екінші кезеңін іске асыруға кірісті. Құны – шамамен 38 млрд теңгені құрайды.

Атап өткеніміздей, тәуелсіздік жылдары облыста жалпы құны 436,7 млрд теңге болатын бес маңызды өндіріс ашылып 6,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top