Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын биыл іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.
Министрліктің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта бағдарламаның шарттары пысықталуда. Соның ішінде лизингтік қаржыландыруға "Жасыл Даму" қаражатын бөлу мәселесі бойынша кеңес өтті.
"Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске қосу ағымдағы жылдың III-IV тоқсанына жоспарланып отыр", — деп нақтылады министрлікте.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бағдарламасын іске асыруға 3,5 млрд теңге қарастырылғаны белгілі болған болатын. Микширлеуді ескере отырып, лизингтік қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы" қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру тетігін енгізуді тапсырған болатын.
"Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңарту – өзекті мәселе. Сондықтан қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін пайдалану маңызды", — деп түсіндірді ол.