Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Павлодар қаласында бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі әрі осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 90-нан астам тұлпар қатысты.

Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге , Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры — 24 900 000 теңге.

"Бұл бәсеке — бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі, ал бір жағынан осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу есебінде өтіп жатыр. Ат жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен ең үздік жылқылар жиналды. Олар бәйгенің төрт түрінен, яғни құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс аталымы бойынша сынға түседі. Әр бәйге түріне шамамен 25 тұлпар қатысып жатыр. Бұл аттардың жағдайы жақсы, алдағы үлкен додаға дайын деп айта аламын", — деді "Бәйге" федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Құнан бәйгеден бірінші орын алған Қамысқұлақ атты тұлпардың шабандозы Асланбек Абдықал жеңіс жолында бапкердің кеңесі көмек болғанын айтады.

"Бапкердің айтуымен жүріп отырдым. Ол маған жарыс бастала сала алдыңғы топта отыруға кеңес берді. Соңғы айналымда бірінші болып алға оздым. Мәреге бес жүз метр қалғанда артымнан тағы бір ат келе жатты. Жетіп ала ма деп қорқып едім, бірақ мен бірінші келдім. Енді көшпенділер ойындарына дайындаламын", — деп атап өтті жас шабандоз Асланбек Абдықал.

II орынды Найза атты құнан алды, шабандозы Арнат Мұратхан. Жүлдегерлер үштігін Айшуақ есімді атқа мінген Аңсар Арыстанбек тәмамдады.

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
Килмар Абрего Гарсия Сальвадор доступное жилье углехимия работа на каникулах ужесточение контроля частные клиники правила въезда выпедение ребенка День эколога 5 июня плац-концерт первый пожар в доме дорожное движение Аскар Батырбаев День Государственных Символов регистрация препаратов заказ композитный бенчмарк управление пенсионными Психиатрическая больница психическое здоровье СП Инкай символы государственные Established Plant круиз лайнері Маңғыстау избрание Шерзат Полат Арестованный паралимпийцы Лабубу проверка иностранцев получение РВП демографический прогноз доклад ООН Фонтаны Шардара Белый дом Центр Искусств антифрод должник по алиментам Студентка объявление об уходе политическя карьера КУВА жүргізілуде орталық әлеуметтік қызмет арнаулы мүгедектігі бар жандар Kazleasing-2025 вступление принуждение үнемдеу Бородулиха тамақтану

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top