|
|
Алматыда «Береке» базары аумағында өрт шықты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, «Береке» сауда базары аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі сауда бутигінде өрт шыққан.
«Өрт сағат 6:15-те оқшауланып, сағат 6:18-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метр болады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖД.