Алматыда автобус апатынан қаза болған марқұмның әкесі: "Қанша өмірді сақтап қалды"

Алматыда автобус астында қалып көз жұмған марқұм Айдос Әлменбаевтың жақындары кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Жалғыз асыраушысынан айырылған отбасына ешкім қол ұшын созбаған.

Бұл туралы КТК сюжетінде айтылды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олардың сөзінше, автобус паркінен бірде бір адам көңілін сұрап келмеген. Үш баласымен жалғыз қалған ана әділдік іздейді.

Марқұм Айдос отбасының жалғыз асыраушысы болған. Микроавтобус айдап, күнделікті нәпақасын тауып жүріпті. Оқиға болған күні Райымбек даңғылының бойындағы аялдамаға тоқтап бой жазбақ болған екен. Көліктен түсе бергенінде қоғамдық көлік қағып өтеді.

"Егер баламның автобусы тұрмағанда, аялдаманың ішіне кіргенде, білмеймін, қанша адам қырылып, жаяу жүргінші жолдың ішіне кіріп кететін еді. Сол баламның спринтері қанша өмірді сақтап қалды... Денесінің сау жері жоқ. Машинасын жасап шыққанына екі-ақ күн болған", — дейді марқұмның әкесі Қыдырғали Әлменбаев.

Қайғыдан қан жұтқан отбасына марқұмның денесін тану оңайға соқпаған. Қатты соққыдан басының сау-тамтығы қалмапты.

"Сараптама басы жарылған деді. Білмеймін, айта алмаймын, анау адамның маған түрі таныс емес. Қолын ашып берді, аяғын ашып көрсетті. Сол екеніне көзім жетті. Әлі де сенбейміз, шын айтқанда. Ипотекамызды да төлеп отырған. Бағып-қағып отырған. Екеуі де кінәлі болып отыр. Мен айта алмаймын, бір адам кінәлі деп", — дейді марқұмның әйелі Айнұр Құсайынова.

Марқұмның артында үш қызы қалды. Екеуі де кәмелетке толмапты. Ең үлкені 19, екіншісі 12, үшіншісі небәрі төрт жаста. Әсіресе, кішкентайы жатса да, тұрса да әкесін іздейді екен. Қара жамылған отбасы апатқа автобус жүргізушісінің тікелей қатысы барын айтады. Олар әйелдің де жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Сонымен қатар, автобус паркінен өтемақы төлеуді де талап етеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді. Кейін қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сонымен қатар, қайғылы оқиғадан қанша адам зардеп шеккені белгілі болды. Жол апаты қалай болғаны бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
комментарий министерства неделя Кызылодинская область Парад Победы дроппер антилопы эпидемиология санитария Батискаф профилактика экстремизма келеді елдер еңбек мигранттары Morelia Open Джарред Брантуэйт Манчесте Юнайтед медотходы депзапрос перерабатывающие заводы промышленные отходы миллиарды Numbeo Шульман океан астроном пострадавший подросток празднование Наурыза Кызылжар Кирсти Ковентри антимонопольные претензии Экрем Имамоглу живодер Наурыз көже 3D-импланты внедрение технологии Яндекс Музыка Яндекс Go подкаст туристская полиция Отдел образования Черчиль Золотой унитаз протезирование эндопротезирование продуктовая корзина ұлттық киім ҚАЖ реестр аудиосообщения просмотры кративная концепция развитие отрасли Барабай демонтаж НТО выплата неустойки клиническая больница Елсияр Канагатов 16 марта Донателла Версаче Versace

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top