Блогер, әзілкеш Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуіне тоқал сыйлады. |
Әзілкештің сыйлықты табыстап жатқан сәттегі видеоны күйеуі Арсен Акиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен Арсенге сюрприз дайындадым. Бірақ, ол сыйлықты берер кезде бәрі хайп, пранк деп сенбеуі мүмкін. Бірақ шын жүрегіммен осы 5 жылдық үшін рақмет, өте-өте керемет жансың. Саған тоқыл сыйлаймын деп шештім", — дейді Мереке Қалбаева.
Алайда, блогердің бұл сыйлығын күйеуі мен кеш қонақтары пранкқа балап жатқанда есіктен басына ақ жаулық жапқан жас қыз кіріп келеді.
Желі қолданушылар блогердің бұл әрекеті кезекті хайп екеніне сенімді.
"Ай, жаным-ау қалжыңның да орны бар. Бір күні точно тоқал алып келсе не істейсің?", "Өзбекстанның блогері ұқсап кешірім сұрап жүрме", "Осы шындыққа айналып жүрмесін, сақ бол", "Әртістерге сенуге болмайды", — деп жазды олар.