Белгілі айтыскер ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаева денсаулығының сыр бергенін айтты. |
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бүгінгі таңым скорый шақырудан басталды... За то больницаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ, шындығында күлуге шама жоқ., сүйектерім қақсап, буындарым бір түрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Осы ауырып жатсам да сіздерге жазып үлшеріп жатырмын, значит пока өлмеймін. Бүгінгі тағы бір проблема ешкім тамырымды таба алмады, 4 медсестра 7 жерден тесіп тастады. Тамырыңз қашып ұстатпайды дейді. 5-ші келіп мына жерден әрең салды. 1 сағат системадан соң су ішкім келді, сосын инстаға кіргім келді. Общым сіздер мен үшін судан кейінгі екінші орында екенсіздер. Қызық, иә?! Бүгін анам да ауырып скорыймен кетіпті. Және оның да тамырын таба алмай қатты қиналған екен... Ана мен бала бір адам... Мені қазақша бөрікпен, сәукелемен, орамалмен, тақиямен, маскамен көрдіңіздер. Енді осы ғана қалды. Айтпақшы, противогаз бар екен ғой. Шаршадым дей бермеңіздер, Құдай осылай демалдырып қояды екен", — деп жазды блогер.